Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері пәнінен Іс-дағдылар стандарттары Мамандық



бет47/111
Дата20.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37108
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   111
Байланысты:
стандарттар

Ескерту: ретикулоциттердің бояу ерекшелігі- қан жүретін арнадан шығарылған жасушаның тірі кезінде ғана ретикулоциттер бояуды қабылдайды. Мындай бояу суправитальды деп аталады. Ретикулоциттер санын 1000 эритроцитке (промилле) және 100 эритроцитке (пайыздар) санайды.


ГЕМАТОКРИТТЫ МӨЛШЕРДІ АНЫҚТАУ


Мақсат: гематокритты мөлшерді анықтау дағдыларын қалыптастыру
Зерттеу әдісі: физикалық. Принципі: бөліктері бар капиллярлар бойынша нәтижелерді келесі анықтаумен центрифуга айналымның тұрақты саны кезінде қанның центрифугалауы белгілі уақыт.
Материалдық ресурстар:

  1. Панченков капиллярлары

  2. Скарификатор-инелер

  3. Резеңке баллончиктер

  4. Сағат әйнегі немесе ұясы бар заттық әйнек.

  5. Центрифугалық сынауықтар

  6. Резеңке сақина

Реактивтер:

  1. 5000 ед/мл. гепаринды 1:5 арақатынасында тазартылған сумен ерітеді.

  2. 4% ЭДТА ерітіндісі

Басқа пайдаланатын материал:

  1. Медициналық қолғаптар

  2. Қорғаныс көзілдіріктер

  3. Фартук

  4. Стерильды құрғақ тампондар

  5. Тоқымалы емес материалдан жасалған спирт салфеткалары

  6. Зарарсыздандыру ерітінділері

  7. Қалдықтарға арналған ыдыс

  8. Шыны бойынша қарындаш

  9. Талдау бланктері

  10. Талдаулар және олардың нәтижесін тіркеу журналы

Іс-қимыл алгоритмі:

  1. Алдын ала Панченков аппаратынан тамшуырларды дайындаңыз

  2. Панченков аппаратынан тамшуырды 10-11 см.ұзындыққа дейін кесіңіз

  3. Панченков капиллярын антикоагулянт ішінен біреуімен жуыңыз

  4. Тамшуырларды кептіріңіз

  5. Антикоагулянтпен тазартылған және кептірілген Панченков тамшуырына ұядан «0» белгісіне дейін қанды алыңыз

  6. Резеңке сақинамен қаптап, тамшуырды тығындаңыз

  7. Панченковтың тығындалған тамшуырларын центрифугалық сынауықтарға қойыңыз

  8. 3000 айн/мин кезінде 30 минут центрифугалаңыз.

  9. Панченков капиллярдың бөлігі бойынша нәтижені белгіліңіз, 100 бөліктен эритроциттер бағанасының биіктігін алып тастап

  10. Нәтижені пайызда анықтаңыз (%)

  11. Талдау бланкін жазып беріңіз

  12. Талдауды нормамен салыстырып, бағалаңыз

Нормасы: әйелдерде 36 – 42%; ерлерде 40 – 48%

  1. Зерттеуді түсіндіріңіз

Көрсеткіш анемияның дәрежесін анықтау үшін кеңінен пайдаланады, анемия болғанда төмендеуі белгіленеді. Айқын арта түсуі эритремияға тән. Шамаланған арта түсуі симптоматикалық эритроцитоздарда байқалады.
Ескерту: гематокритты шағын центрифуганы пайдаланып, анықтауға болады. Капиллярлық түтікшелер (центрифугамен жинақта). С-реактивті ақуызды анықтау үшін каппилярларды қолдануға болады. Алдын ала антикоагулянтпен өнделген және кептірілген капиллярды саусақтан алынған (немесе веналық) қанмен ұзындығының 2/3 толтырады . Бір жағынан капиллярды арнайы пастамен (ермек сазбен болады) тығыздайды. Центрифуганың роторына тығыздалған жиектері резеңке төсенішке тірелінуіне дейін салады және 8000 айн/мин кезінде 5 минут центрифугалайды. Гематокриттық мөлшерді центрифугаға қосылған есептеу шәкілі бойынша анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет