Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері пәнінен Іс-дағдылар стандарттары Мамандық



бет44/111
Дата20.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37108
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   111
Іс-қимыл алгоритмі:
1. Панченковтың құрғақ капиллярына 25-30 мкл. биіктігімен қанды алыңыз
2. Секундомерды қосыңыз
2. Капиллярды еңкейтіп, қанды ортаға жылжытыңыз
3. Екі саусақпен ұстап, капиллярды еңкейтіңіз, әр бір 30 секунда ішінде екі жаққа 30 - 45˚
4. Зерттеу нәтижесін бағалаңыз: қанның еркін жылжуы қан ұюы болмағанның белгісі. Қан ұюының басталуы капиллярды еңкейткенде қан қозғалыстың бәсеңдетуімен сипатталады, капиллярдың ішкі қабырғасында азғантай ұйыған қан пайда болады.
5. Капиллярдың ішкі қабырғасында ұйыған қанның пайда болған уақытын белгілеңіз
6. Капиллярды әр бір 30 секунда ішінде екі жаққа еңкейтуге жалғастырыңыз
7. Қанның жылжуы толық тоқталса онда секундомерды тоқтатыңыз, ол қанның толық ұю белгісі
8. Талдау бланкін жазып беріңіз
9. Талдауды нормамен салыстырып, бағалаңыз
Нормасы: ұю басы – 30 секундтан 2 минутке дейін
Ұю аяғы – 3 минуттан 5 минутке дейін
10. Зерттеуді түсіндіріңіз
Ұю уақыты – қарапайым жалпы коагуляционды тест,қан ұю жүйесінде ең долбарлы бұзылыстарды анықтайды.

ЛИ-УАЙТ БОЙЫНША ҚАН ҰЮ УАҚЫТЫН АНЫҚТАУ


Мақсат: стабилизатор қосылмаған қанның ұю уақытын анықтау дағдыларын меңгеру
Зерттеу әдісі: Ли-Уайт бойынша 37° кезінде шыны сынауықта веналық қанның ұю жылдамдығы анықталады
Материалдық ресурстар:

  1. Центрифугалық сынауық

  2. Су бұлау

  3. Секундомер

  4. Сынауықтарға арналған тағандар

Басқа пайдаланатын материал:

  1. Медициналық қолғаптар

  2. Зарарсыздандыру ерітінділері

  3. Қалдықтарға арналған ыдыс

  4. Шыны бойынша қарындаш

  5. Талдау бланктері

  6. Талдаулар және олардың нәтижесін тіркеу журналы

Іс-қимыл алгоритмі:

  1. 37 °С температурасымен су бұлауды дайындаңыз

  2. Кең құрғақ инемен венепункцияны жасаңыздар

  3. 1,0мл көлемінде центрифугалық сынауыққа қанды алыңыз

  4. Қан сынауыққа тигенде секундомерды жылдам қосыңыз

  5. t 37°С кезінде веналық қаны бар сынауықты су бұлауға қойыңыз

  6. 2 минут өткен соң сынауықты еңкейтуге бастаңыз

  7. Әр бір 30 секунда ішінде сынауықты 45° еңкейтіңіз, сынауықты судан шығаруға болмайды

  8. Тығыз ұйыған қан пайда болуына дейін сынауықты еңкейтуге жалғастырыңыз

  9. Толық ұйыған кезде секундомерды тоқтатыңыз

  10. Талдау бланкін жазып беріңіз

  11. Талдауды нормамен салыстырып, бағалаңыз

  12. Нормасы: t 37°С кезінде 5 минуттен 7 минутке дейін

t 18 – 22°С кезінде 5 минуттен 10 минутке дейін

  1. Зерттеуді түсіндіріңіз

Қан ұю уақыты созылса, ол гипокоагуляцияның белгісі, ол VIII IX XI (гемофилиялар кезінде), фибриногенның плазмалық факторлардың тапшылығына, фибринолиздың белсендірілуіне байланысты.
Қан ұю уақыты қысқарса, ол гиперкоагуляцияның жағдайын көрсетеді, тромбтар пайда болуының арта түскен қауіп-қатеріне көрсетеді және келесі жағдайларда байқалады: ДВС-синдромның гиперкоагуляционды кезеңінде; тромбоздар және тромбофилиялар кезінде (белсенді тромбтар пайда болудың жоғары қауіп-қатер жағдайларда); кортикостероидтері бар гормональды препараттарды, таблетка түріндегі контрацептивтерді ұзақ уақыт қабылдағанда және басқа.
Ескерту: Қанды шприц арқылы емес, ал тікке сынауыққа жіберуге жақсы болар еді. Бөлме температурасы кезінде зерттеуге болады (t 18 – 22°С).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет