0,02 мл қан қосып бірнеше минуттан кейін центрифугалаңыз;
0,2 мл белоксыз фильтратқа 0,1 мл мыс купоросымен фосфор қышқылын және 2,5 мл концентратталған күкірт қышқылын қосыңыз;
мықты сілкіп және 3 минуттан соі 3 минутка қайнап жатқан су моншасына қойыңыз;
кейін тағы 3 минут мұзды суда салқындатыңыз;
демитилформамидтегі параоксидефинил ертіндісінің 1 тамшысын қосыңыз, бұл тамшы пробирканың дәл ортасына түссуі керек;
Сілкіп және 10 минутка бөлме температурасына қалдырыңыз;
Соңынан қайнап жатқан су моншасында 1,5 минут жылытыңыз;
суда салқындатып және КФК да толқын ұзындығы 565 нм фотомеетрлеңіз.
Біруақытта бос сынама қойылады:
Белоксыз фильтраттың орнына 5% үшхлорсірке қышқылын алыңыз және калибрлік сынамалар, ол үшін құрамында 0,2 мл 2-20нмоль сүт қышқылы немесе сүтқышқыл литий бар үшхлорсірке қышқылын алады;
Тәжірибелік сынама сияқты өңдеңіз.
Нәтижені бағалау: 2 нмоль сүт қышқылы алынған калибрлік сынаманың бояуы сынамадағы 0,5 ммоль/л мөлшеріне сәйкес болады; 20 нмоль мөлшерлі сынама бояуы 5 ммоль/л концентрациясына сәйкес келеді.
Клиникалық мағынасы. Қан құрамында сүт қышқылының жоғарлауы гипоксияның әрбір формасында (наркоз, физикалық жүктеме, жергілікті қан айналуының бұзылуы) анықталады.
СИАЛ ҚЫШҚЫЛЫН ГЕССА ӘДІСІМЕН АНЫҚТАУ
Мақсаты: - сиал қышқылын анықтау әдісін меңгеру;
Көрсетпесі: - қабыну процесінің диагностикасы;
Принципі: Сарысудың белоксыз фильтратын гидролиздейді. Гидролиз нәтижесінен сиалогликопротйдтер құрамынан сиал қышқылдары бөлінеді, олар қышқыл ертіндісімен қайнап жатқан су моншасында түсті реакция береді.
Ресурстар: Ыдыстар (центрифугалық пробиркалар, химиялық пробиркалар, 1,0 мл, 5,0 мл пипеткалар)
су моншасы
центрифуга
КФК – 540-560 нм, кювета 10 мм
штативтер
миллиметрлік қағаз
қарандаш
Реактивтер: Үшхлорсірке қышқылы (ҮХС) 10г/моль;
күкірт қышқыл ертіндісі мұздалған сірке қышқылында: мұздалған сірке қышқылыныі 95 бөлігіне концентратталған күкірт қышқылының 5 бөлігін қосылған;
Стандартты сынаманың негізгі сулы ертіндісі – N – ацетилнейрамин қышқылы (50 мг/100 мл)