Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері пәнінен Іс-дағдылар стандарттары Мамандық



бет97/111
Дата20.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37108
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   111
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. 1 химиялық пробирканы алыңыз;

  2. 5 мл несеп құйыңыз;

  3. ЦТАБ ертіндісінң 1 мл қосып 30 минут ақ т ұнба пайда болғанша бақылайсыз. Бөлме температурасында жүргізіледі. Жаңажиналған несеп қолданылады.

Нәтижені бағалау:
Тұнба пайда болса сынама оңтайлы болып есептеледі. Қалыпты жағдайда сынама теріс.
Ескерту:
40% жағдайда нәтиже жалғаноңтайлы болуын ескерту керек.

ГЛЮКОТЕСТ


Мақсаты:
- несеп құрамында глюкозаны анықтау әдісін яғни глюкотестпен, меңгеру;
Көрсетпесі:
- қант диабеті диагностикасы және бүйрек дерттері
- глюкозурияны анықтау.
Принципі:
Реактивті қағазы «Глюкотест» экспресс анализде несеп құрамында глюкоза мөлшерін анықтау үшін қолданылады және де олар ашық-сары түсті көлденең сызықтары бар қағаз, олар фермент ертіндісі мен бояғыштармен қанықтандырылған. Қағаз-тілімдер көмегімен глюкоза мөлшерін сапалы және жартылайсапалы (0,1 ден 2% дан жоғары) анықтайды. Әдіс глюкозооксидаза ферментінің көмегімен глюкозаның спецификалық тотығуына негізделген, бұл кезде пайда болған сутек асқын тотық екінші фермент периоксидазамен ыдырайды және қосылған бояғышты тотықтырады. Тотығу кезінде бояудың түсі өзгеруі несепте зәрдің барын білдіреді.
Қажетті-құрал жабдықтар тізімі:

    1. Глюкотест (Глюкофан)

    2. Ыдыстар (10 мл пипеткалар, пробиркалар)

    3. Штативтер

    4. Анализдер нәтижесін тіркейтін жұмысшы журнал

    5. Бланкалар

Биоматериал: несеп


Іс-әрекет алгоритмі:

  1. «люкотест » қағаз-тілімін зерттелетін несепке батырыңыз, бұл кезде қағаздағы сары сызық толық ылғалдануы тиіс.

  2. Қағазды дереу сұйықтықтан алып, ылғалданған жағын пластмас пластинкаға қойып 2 минуттай ұстауыңыз керек;

  3. 2 минут өткен соң пластинкадан қағазды алмай тұрып түсті сызықтардың түсінің өзгеруін комплектке кіретін түсті шкаламен салыстырады (ылғалданғаннан 2 минуттан кейін қағаз-тілім түсі шкала түсіне сәйкестене түседі).

«Глюкотест» қағазының сақталу мерзімі шығарылғаннан бастап 8 ай, сондықтан да сақталу мерзімі 5-6 ай болып қалса, онда пластмас пластинкада 5-10 минут ұстау керек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет