Биоматериал: қан сарысуы
Іс-әрекет алгоритмі: 1 центрифугалық пробирканың алыңыз;
центрифугалық пробиркаға 1 мл қан сарсыуын қосыңыз;
ақырын сілкіп отырып 1,0 мл ҮХС қышқылы ертіндісін қосыңыз;
пробирканы 5 минутка қайнап жатқан су моншасына қойыңыз;
салқындатыңыз (әдетте пробирканы 5 минутка мұздатылған моншаға немесе салқын құбыр суының астына қояды)
5 минут центрифугалаңыз 1000-2000 айн/мин
0,4 мл өңделген тұнба үсті сұйықтығына 5,0 сірке күкірт қышқыл қоспасын қосыңыз;
30 минут сынамаларды қайнап жатқан су моншасында қыздырыңыз; Бұл кезде түссіз ерітінді біртіндеп қызғыш-күлгін түске айналады
5 минут мұздалған моншада немесе құбыр суы астында салқындатыңыз;
сынамаларды калориметрлеңіз. ФЭК- те жасыл светофильтрде, кювета қалыңдығы 10мм. Бақылау сынамасына мұздатылған сірке қышқылындағы күкірт сірке қышқылын қолданады.
Есептеу: Е х 1000 бір.
Қалыпты көрсеткіштер: 130-180 шарт.бір. немесе 2,0-2,33 ммоль/л
Клиникалық мағынасы: Сиал қышқылының мөлшері әртүрлі қабыну процестерінде (ревматизм, туберкулез) артып отырады. Гипосиалемия пернициоздық қаназдық, гемахроматоз, Вильсон-Канавалова дерттерінде болуы мүмкін.
ГЛИКОЗАМИНГЛИКАНДАРДЫ АНЫҚТАУ (ЦЕТИЛТРИМЕТИЛАММОНИЯ БРОМИДПЕН СЫНАМА)
Мақсаты: - несепте гликозоамингликандарды анықтау әдісін меңгеру;
Көрсетпесі: - көмірсулар алмасу білімін тереңдеду және бекіту
Принципі: Цетилтриметиламмония бромид (ЦТАБ) гликозоамингликандармен қышқыл ортада ақ түстес тұнба пайда етеді.
Ресурстар: Ыдыстар (Химиялық пробиркалар, өлшем колбалар1,0 мл, 5,0 мл пипеткалар)
Штативтер
Реакивтер: Лимон қышқылы;
Натрий гидрототығы (NаОН)
Цитратты буфер, 1 ммоль/л рН 5,7;
Азғана су мөлшерінде 210 г. лимон қышықылын сұйылтады, 120 г. ащы натр
қосады, ерітеді, салқындатады және 1 л – ге дейін су қосып көбейтеді
ЦТАБ ерітіндісі: 25 г. ЦТАБ 1 л. цитратты буферде ерітіді.