Қарсысыворотканы сұйылту әдісі:
1) Құрғақ сывороткасы бар ампуланы ашады
2) ішіндегісін 1 мл таза дистилденген суда (иньекция үшін қажет ампулды суды алу керек),
3) ампула қабырғасында құрғақ кристалдар қалмайтындай етіп, ұлпалар болмау керек және сұйықтық лайланбайтындай етіп еріту қажет.
ҚАННЫҢ СҰЙЫҚ БӨЛІГІНДЕ БИЛИРУБИНДІ АНЫҚТАУ (ЕНДРАСИК ӘДІСІ)
Сульфанил қышқылы мен натрии нитрит байланысуында диазофинилсульфон қышқылы (диазоқоспа) пайда болады, ол байланысқан (тікелей) билирубин мен қанның сұйық бөлігімен райхан-күлгін түсті бояуды береді. Оның қанықтығына қарай тікелей реакция беретін байланысқан билирубин концентрациясын бағалайды. Қанның сұйық бөлігіне билирубиннің кофеин реактивін (бос, тікелей емес) қосқанда сұйылтылған диссоцияланған жағдайға өтеді және ол да диазоқоспа мен бірге байланысқан билирубинмен райхан-күлгін түс береді. Бояудың қанықтығына қарап жалпы билирубин концентрациясын анықтайды.
Жалпы және байланысқан (тікелей) билирубин арасындағы айырмашылық қарай байланыспаған (тікелей емес) билирубиннің мөлшерін анықтайды.
Реактивтер:
1) кофеин реактиві (5 г кофеин, 7,5 г бензоат натриі, 12,5 г натрии ацетатын СН3СООNа 90 мл дистилденген суда ерітеді, 50-60ºС қа дейін қыздырады және мұқият араластырады; суытқан соң дистилденген су мен көлемін 100 мл дейін көтереді);
2) натрии хлориді, 0,9% ерітінді,
3) диазоқоспа:
а) диазореактив І (5 г сульфанил қышқылын 300-400мл дистилденген суда қыздырып отырып ерітеді, 15 мл концентратты тығыздығы 1,19 НСІ қосады; суытқан соң ертінді көлемін дистилденген су мен 1 л дейін көбейтеді);
б) диазореактив ІІ (0,5% натрии нитраты NaNo2; реактив тұрақсыз, сарғыш түс – жарамсыз белгісі). Диазоқоспаны жұмыс жасар алдын дайындайды, 10 мл диазореактив І және 0,3 мл диазореактив ІІ араластырады.
Іс-қимыл - алгоритмі:
1)3 пробиркаға (жалпы билирубин, байланысқан және бақылау) табюлицада көрсетілген тәртіпте енгізеді:
Достарыңызбен бөлісу: |