Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері пәнінен Іс-дағдылар стандарттары Мамандық



бет95/111
Дата20.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37108
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   111
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. центрифугалық пробирканы алыңыз;

  2. 1 мл 5% үшхлорсірке қышқылын құйыңыз;

  3. 0,02 мл қан қосып бірнеше минуттан кейін центрифугалаңыз;

  4. 0,2 мл белоксыз фильтратқа 0,1 мл мыс купоросымен фосфор қышқылын және 2,5 мл концентратталған күкірт қышқылын қосыңыз;

  5. мықты сілкіп және 3 минуттан соі 3 минутка қайнап жатқан су моншасына қойыңыз;

  6. кейін тағы 3 минут мұзды суда салқындатыңыз;

  7. демитилформамидтегі параоксидефинил ертіндісінің 1 тамшысын қосыңыз, бұл тамшы пробирканың дәл ортасына түссуі керек;

  8. Сілкіп және 10 минутка бөлме температурасына қалдырыңыз;

  9. Соңынан қайнап жатқан су моншасында 1,5 минут жылытыңыз;

  10. суда салқындатып және КФК да толқын ұзындығы 565 нм фотомеетрлеңіз.

Біруақытта бос сынама қойылады:

  1. Белоксыз фильтраттың орнына 5% үшхлорсірке қышқылын алыңыз және калибрлік сынамалар, ол үшін құрамында 0,2 мл 2-20нмоль сүт қышқылы немесе сүтқышқыл литий бар үшхлорсірке қышқылын алады;

  2. Тәжірибелік сынама сияқты өңдеңіз.

Нәтижені бағалау:
2 нмоль сүт қышқылы алынған калибрлік сынаманың бояуы сынамадағы 0,5 ммоль/л мөлшеріне сәйкес болады; 20 нмоль мөлшерлі сынама бояуы 5 ммоль/л концентрациясына сәйкес келеді.
Клиникалық мағынасы.
Қан құрамында сүт қышқылының жоғарлауы гипоксияның әрбір формасында (наркоз, физикалық жүктеме, жергілікті қан айналуының бұзылуы) анықталады.


СИАЛ ҚЫШҚЫЛЫН ГЕССА ӘДІСІМЕН АНЫҚТАУ


Мақсаты:
- сиал қышқылын анықтау әдісін меңгеру;
Көрсетпесі:
- қабыну процесінің диагностикасы;
Принципі:
Сарысудың белоксыз фильтратын гидролиздейді. Гидролиз нәтижесінен сиалогликопротйдтер құрамынан сиал қышқылдары бөлінеді, олар қышқыл ертіндісімен қайнап жатқан су моншасында түсті реакция береді.
Ресурстар:

  1. Ыдыстар (центрифугалық пробиркалар, химиялық пробиркалар, 1,0 мл, 5,0 мл пипеткалар)

  2. су моншасы

  3. центрифуга

  4. КФК – 540-560 нм, кювета 10 мм

  5. штативтер

  6. миллиметрлік қағаз

  7. қарандаш

Реактивтер:

  1. Үшхлорсірке қышқылы (ҮХС) 10г/моль;

  2. күкірт қышқыл ертіндісі мұздалған сірке қышқылында: мұздалған сірке қышқылыныі 95 бөлігіне концентратталған күкірт қышқылының 5 бөлігін қосылған;

  3. Стандартты сынаманың негізгі сулы ертіндісі – N – ацетилнейрамин қышқылы (50 мг/100 мл)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет