Кмм "№19 жалпы орта білім беретін мектеп" ДӨҢгелек үстел



бет1/5
Дата08.12.2023
өлшемі30,33 Kb.
#134863
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Алаш қозғалысы және ұлт зиялылары


КММ "№19 жалпы орта білім беретін мектеп"
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Тақырыбы: "Алаш қозғалысы және ұлт зиялылары"
Дайындаған: тарих пәні мұғалімі
Нургазина Толкын Сайлаугазыкызы


Тақырыбы: «Алаш қозғалысы және ұлт зиялылары».
Мақсаты: Алаш ардагерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов туралы жан – жақты түсінік бере отырып, олардың қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі туралы пікір алмасу, тарихта алатын орнын анықтау.
Түрі: дөңгелек үстел.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, бейнематериал, тақырыптық презентация, кітап көрмесі.
Әдісі: пікір алмасу, баяндау, интерактивті әдіс.
Жоспары:
1. Алаш қозғалысы
2. Әлихан Бөкейханов
3. Ахмет Байтұрсынов
4. Міржақып Дулатов
Манапова Аружан:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! 2017 жылы Алаш қозғалысына 100 жыл толуына байланысты бұл шара мемлекет тарапынан қолдау тауып білім саласының барлық ұйымдарында аталып өтілуде. Осы іс-шараға біз де өз тарапымыздан үлес қосу үшін бүгін "Алаш қозғалысы және ұлт зиялылары" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, пікір алмасу өткіземіз. Мақсатымыз Алаш ардагерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбектері туралы жан-жақты зерттеу жұмыстарына тоқталу, шығармаларымен танысу, өзара пікір алмасу. Біз Алаш ардагерлері туралы не білеміз? Осы сұраққа жауап алу мақсатында біз пікір алмасуға тарихшы мен әдебиетшілерді шақырдық.
Тақырыбымызды ашу үшін Алаш қозғалысы жайында бейнематериалды көре отырып, тарихшылардың пікірін тыңдайық.
Тарихшы (Мадина): Алаш партиясы мүшелері Алаш құрамында барынша көпшілігі болған. Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор.
Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавасының қол астында болған жылдарда, қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық, түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені, біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты.
Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавасының қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына, барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет