Кмм "№19 жалпы орта білім беретін мектеп" ДӨҢгелек үстел



бет5/5
Дата08.12.2023
өлшемі30,33 Kb.
#134863
1   2   3   4   5
Байланысты:
Алаш қозғалысы және ұлт зиялылары

6 - сұрақ (Назым)
Міржақып Дулатовтың шығармашылығы туралы не айтасыздар?
Әдебиетші: Міржақып Дулатовтың шығармашылығы
Қазақтың ағартушылық, демократтық бағыттағы оқыған азаматтарының бipi – алаш зиялысы, талантты қаламгер, қоғам қайраткері, тарихи тұлға Міржақып Дулатұлы. Аумалы-төкпелі заманда елдің болашағы үшін атқарған күреске толы кызметімен де, шығармашылық мұрасымен де ол халқына аяулы, еліне құрметті. Міржақып қоғамда да, әдебиетте де халқының тәуелсіздігін бірінші кезекке қойды. Өз шығармаларында туған елін оятуға ұмтылды. Алаш қозғалысының белсенді қайраткері болды. Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы «Бақытсыз Жамал» романын жазды. Бұл қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман болды. Сондай-ақ алаш қайраткері «Оян қазақ» өлеңін жазды. Сол арқылы қазақ халқына үндеу тастап, жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс-әрекетке шақырды. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ.
Міржақып Дулатов алғашқы Қазақ Конституциясының авторларының бірі. Қазақтың тұңғыш математигі. Ол ең бірінші болып математикадан «Есеп құралы» деген 5 кітап шығарды. Міржақып Дулатұлын ұстаз тұтқан, азаттықты, аңсаған азаматтардың қатарында болған Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік. Ол 1917–1918 жылдары билікке келген кезде досы профессор Тайыр Шағатайға тапсырма беріп «Оян Қазақ!» кітабын түрік тіліне аударып шығарған еді. Осы кітапқа еліктеп «Оян, Түрік!» деген кітаптар да шыққан. Міржақыптың «Оян, Қазақ!» кітабы әлем елдеріне қатты әсер етті.
Манапова Аружан: Енді біз осы жерде Міржақып Дулатовтың "Алашқа" деген өлеңін тыңдап өтсек.
Рефлексия. Бүгінгі пікір алмасу барысында қандай ой түйгендеріңізді бір ауыз сөз арқылы бөлісіп, пікір алмасуымызды аяқтасақ.


1 - сұрақ (Ілияс)
Әлихан Бөкейхановтың жер аударылуына не себеп болды?
2 - сұрақ (Гюзяль)
Жазушылардың Алаш туралы ойлары қандай болды?
3 - сұрақ (Мират)
Алаш ардагерлерінің бірі ретінде Ахмет Байтұрсынов туралы көп айтылады, оның өмірі мен қоғамдық қызметіне тоқталып өтсеңіздер?


4 - сұрақ (Жансая)
Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы туралы қандай пікір айтасыздар?


5 - сұрақ (Б.Аружан)
Алаштың үш алыбының бірі Міржақып Дулатов туралы білсек деп едік.
6 - сұрақ (Назым)
Міржақып Дулатовтың шығармашылығы туралы не айтасыздар?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет