2 - сұрақ (Гюзяль) Жазушылардың Алаш туралы ойлары қандай болды?
Әдебиетші (Анель): Әлиханды насихаттау үшін көптеген іс - шаралар жасау керек. Деректі фильмдер, көркем фильмдер түсірілуі қажет. Түрлі танымдық шығармалар болуы керек. Ол бүгінге дейін, өкінішке, орай жасалған жоқ. Соны қолға алу керек. Шынында, 150 жыл өтседе Әлихан Бөкейхановқа арналған шараның біразы жасалып, ел білетіндей болуы керек. Болашақ ұрпақ білетіндей болуы тиіс. Жалпы, бүкіл халық ұлт - азаттық қозғалыстағы Әлихан Бөкейхановтың орнын, оның еңбегінің бүгінгі күнгі қай салада өзекті, соны түсіне білу керек. Әрі болашақта ел басқаратын жастар одан тәлім алатындай етіп, ол үшін елге танытатын, ағартушылық жұмыстар жүргізілуі қажет. Алаш идеясы, арқасында қазақ өзінің қазақтығымен ғана мына әлемде аман қала алады. Өзін асқақтап, мыңжылдық мемлекет құра алады. Осыны халықтың санасына жеткізу, деген үлкен шаруа. Ол үшін барлық буындағы біздің азаматтар соған мүдделі болуы керек.
3 - сұрақ (Мират) Алаш ардагерлерінің бірі ретінде Ахмет Байтұрсынов туралы көп айтылады, оның өмірі мен қоғамдық қызметіне тоқталып өтсеңіздер?
Тарихшы (Наргиз): Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі.
Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте Қостанай округі, Торғай уезі, Тосын болысының 5-ауылына қарасты Сартүбек елді мекенінде дәулетті отбасында дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынов 1886 жылы Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне түсіп, оны 1891 жылы бітіреді. Сол жылы Орынбор мұғалімдер мектебіне оқуға қабылданып, 1895 жылы ОММ-нің Педагогикалық кеңесінің шешімімен «бастауыш училищенің оқытушысы» деген атақ беріледі. 1902-1904 ж.ж. Омбыда Торғай облысы Халықтық училище директорының іс жүргізуші лауазымын атқара жүріп, бұратана ұлтының санасын ояту мақсатында И.Крыловтың мысалдарын аударады. 1905 жылы қазақ оқығандарымен бірге Қоянды жәрмеңкесінде бас қосып, тарихта белгілі Қарқаралы құзырхатын (петициясын) жазады. 1908 жылы саяси көзқарасы үшін Қарқаралы абақтысына қамалады. 1910 жылы 9-наурызда Орынборға жер аударылады. 1913-1918 ж.ж. қырғыз атанған жұртының атауын қайта жаңғыртып, «Қазақ» газетін шығарды. Газеттің ұйымдастырушысы әрі бас сарапшысы қызметін атқарады. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында І-ші жалпықазақтың съезде Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов «Тәуелсіз автономия» құру идеясын ұсынды І-ші жалпықазақтың съездің қортындасында «Алаш» ұлттық саяси партиясы құрылды. 1925-1928 ж.ж. Қазақ елінің екінші астанасы болған Қызылорда қаласында тұрады, әрі ұлт жұмысының көшбасында болады. 1928 жылы қыркүйекте Алматы Қазақ мемлекеттік университетіне профессор лауазымымен қызметке кіреді. 1931 жылы РСФСР қылмысты істер кодексінің 58-бабының ең ауыр тармағы бойынша ату жазасына кесіледі, бірақ үкім қайта қаралып, 10 жылға бас бостандығынан айырылып, екінші рет жер аударылады. 1934 жылы «Қызыл крест» қоғамының араласуымен түрмеден босатылып, Алматыға келеді. Ақырында алғаш Архангельскіде, соңынан Томскіде 1929-1934 жылдары айдауды болған Ахмет Байтұрсынов, көп кешікпей, 1937 жылы қуғын-сүргіннің жаңа толқынына ілігіп жазықсыз атылып кетті.