Күн тәртібі «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында 7-сынып оқушыларымен үш тілде кіріктірілген сабақ


Екінші математика пәні мұғалімі Тастанов Қуаныш «Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы» тақырыбында семинарға келген мұғалімдермен коучинг сабақ ұйымдастырды



бет2/3
Дата25.11.2023
өлшемі345,26 Kb.
#125820
түріСеминар
1   2   3
Байланысты:
семинар хаттамасы

Екінші математика пәні мұғалімі Тастанов Қуаныш «Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы» тақырыбында семинарға келген мұғалімдермен коучинг сабақ ұйымдастырды.
Үшінші кезекте мұғалімдердің жаңартылған білім мазмұнына сай атқарып жатқан жұмыстары бойынша жинақталған іс-құжаттарының жүргізілуімен таныстырылды.
Шығып сөйлеушілер: Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Мыңжасаров Жұмаділлә


мектеп ұжымының жылы қабылдауы мен атқарып жатқан жұмыстарына көңілі толып отырғандығын айтып өтті.
Кіріктірілген сабақ бойынша өз сөзінде мұғалімдердің сабақты өте жақсы жоспарлағандарын, яғни әр тапсырманың критериясы мен дескрипторы нақты екендігін және оқушылардың критериялармен жұмыс істеуге төселіп қалғандарын, өз ойларын ашық айтып, бір-бірлерін өте жақсы бағалағандарын да атап айтты. Әсіресе, 7-сынып оқушыларының жоспарбойынша әңгіме құрау шеберлігін, соның ішінде Төлепбай Қарлығаштың Абай өлеңдерімен салыстыра отырып жазған әңгімесін ерекше атап өтті. Бұл еңбектің барлығы пән мұғалімдерінің еңбегі екендігі айтылды.
Д. Қонаев атындағы жалпы орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Тұрғынбаева Манзура алдымен мектептегі атқарылып жатқан жұмыстардың ұйытқысы болып отырған мектеп басшыларына алғысын білдіретінін айтып өтті. Мектептің оқу және тәрбие орынбасары Майлаш Гүлістанның еңбегі ерекше екендігін және жиынтық бағалаудағы рефлексиялық есептің жүргізілуінің нақтылығын, жаңартылған білім мазмұны бойынша жинақталған іс-қағаздардың барлығының ұйытқысы екендігін ерекше атап айтты.
Ал, кіріктіріліп өткізілген сабақтың мақсаттарының нақтылығы, оқушылардың еркіндігі, әр тапсырманың жүйелілігі жайлы айта келіп, сабақ өткен мұғалімдерге алдағы уақыттарда шығармашылық табыс тіледі.
Сондай-ақ алдағы уақыттарда әкімшілік әдіс алмасу семинарын өткізіп, білім жүйесіндегі талаптарды орындауда бас қосып кездесетін мәселелерді бірлесіп шешуге шақырды.
М.Өтемісұлы мектебінің мұғалімі Ниязова Сапаркүл сабақтың жоспарға сай өтілгенін айта келіп, мұғалімдер мен 7-сынып оқушыларына алғысын білдірді.
А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Жұмабаева Майра өз сөзінде жаңартылған білім мазмұны бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жүйелілігі және 2,5,7-сынып оқушыларының әр бір пәндер бойынша жинақтаған іс-қағаздарының реттілігі жайлы айта келіп, өздеріне көп нәрсе ала алғандығын атап айтты. Сонымен бірге сабақ өткен мұғалімдерді марапатқа ұсынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет