Күн тәртібі «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында 7-сынып оқушыларымен үш тілде кіріктірілген сабақ


Жоғарыдағы мәселелерді талқылай келе, әдістемелік семинар қаулы етеді



бет3/3
Дата25.11.2023
өлшемі345,26 Kb.
#125820
түріСеминар
1   2   3
Байланысты:
семинар хаттамасы

Жоғарыдағы мәселелерді талқылай келе, әдістемелік семинар қаулы етеді:


  1. «Жаңартылған білім мазмұны - мектеп өмірінде» тақырыбындағы әкімшілік аралық әдіс алмасу семинары қанағаттанарлық деп табылсын.



  1. Алдағы уақыттарда мектептерде әкімшілік әдіс алмасу семинарын өткізіп, білім жүйесіндегі талаптарды орындауда бас қосып кездесетін мәселелерді бірлесіп шешу қолға алынсын.


Мектеп директоры: Ф. Артықбаева.

Хатшысы: Г. Саттарова.

«Талдыбұлақ» негізгі орта мектебі


«Жаңартылған білім мазмұны – мектеп өмірінде» тақырыбы бойынша аймақтық әдіс алмасу семинарында өткен кіріктірілген сабақтың мәліметі
06.12.2017 жылы мектепте «Жаңартылған білім мазмұны – мектеп өмірінде» тақырыбы бойынша аймақтық әдіс алмасу семинарында «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында 7-сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейсебаева Гүлбахира мен орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімі Саттарова Гулбала үш тілде кіріктірілген сабақ өтті.
Сабақ жүйелі және уақытпен жоспарланған, сонымен бірге өте қызықты және тартымды өтті. Сабақ толық мақсатына жетті. Сабақтағы қарастырылған тапсырмалардың барлығының критерияға сәйкес дескрипторлары бар және оқушылар тапсырмаларды орындау барысында өздерінің білімділіктерін көрсетті.
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Мыңжасаров Жұмаділлә кіріктірілген сабақ бойынша өз сөзінде мұғалімдердің сабақты өте жақсы жоспарлағандарын, яғни әр тапсырманың критериясы мен дескрипторы нақты екендігін және оқушылардың критериялармен жұмыс істеуге төселіп қалғандарын, өз ойларын ашық айтып, бір-бірлерін өте жақсы бағалағандарын да атап айтты. Әсіресе, 7-сынып оқушыларының жоспар бойынша әңгіме құрау шеберлігін, соның ішінде Төлепбай Қарлығаштың Абай өлеңдерімен салыстыра отырып жазған әңгімесін ерекше атап өтті. Бұл еңбектің барлығы пән мұғалімдерінің еңбегі екендігі айтылды.
Д. Қонаев атындағы жалпы орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Тұрғынбаева Манзура кіріктіріліп өткізілген сабақтың мақсаттарының нақтылығы, оқушылардың еркіндігі, әр тапсырманың жүйелілігі жайлы айта келіп, сабақ өткен мұғалімдерге алдағы уақыттарда шығармашылық табыс тіледі.
М.Өтемісұлы мектебінің мұғалімі Ниязова Сапаркүл сабақтың жоспарға сай өтілгенін айта келіп, мұғалімдер мен 7-сынып оқушыларына алғысын білдірді.
А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Жұмабаева Майра өз сөзінде жаңартылған білім мазмұны бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жүйелілігі және 2,5,7-сынып оқушыларының әр бір пәндер бойынша жинақтаған іс-қағаздарының реттілігі жайлы айта келіп, өздеріне көп нәрсе ала алғандығын атап айтты. Сонымен бірге сабақ өткен мұғалімдерді марапатқа ұсынатындығын атап айтты.
Елбасымыз Н.А.Назарбаев айтқандай “Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында”. Сондықтан біз-ұстаздар ХХІ ғасырдың біздің алдымызға қойып отырған барлық талаптарына сай болып, үздіксіз білімімізді көтеріп отыруымыз қажет.
«Адам байлығының ең тамашасы – білім
Барлығы соған ұмтылады, бірақ ол өзі келмейді» -деген Әбу-р-Райхан әл-Бируни.

Пән мұғалімі Г. Саттарова


«Жаңартылған білім мазмұны – мектеп өмірінде» тақырыбы бойынша аймақтық әдіс алмасу семинарында «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында 7-сынып оқушыларымен үш тілде өткізілген кіріктірілген сабақ





«Жаңартылған білім мазмұны – мектеп өмірінде» тақырыбы бойынша аймақтық әдіс алмасу семинарында «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында 7-сынып оқушыларымен үш тілде өткізілген кіріктірілген сабақ






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет