Әдістемелік кеңес отырысы
Хаттама № 4
Өтілген мерзімі: «???????» ақпан 2022 жыл.
Қатысқаны: директор, директордың орынбасарлары, колледждің педагог қызметкерлері
Күн тәртібінде:
Тақырыбы: «Жаңа оқыту технологияларын пайдалану арқылы оқушының білім сапасын арттыру»
1. Әдістемелік кеңестің шешімдерінің орындалуы туралы.
2. Мерейтойлық күнтізбелік күндерге арналған жұмыс жоспарының орындалуы;
3. Арнайы пәндер мен жалпыға білім беру пәндері бойынша апталық қорытындысы;
4. Құқық бұзушылықтың алдын алу.
Тыңдалды:
1. Әдістемелік кеңестің шешімдерінің орындалуы туралы.
Әдістемелік кеңестің бірінші мәселесі бойынша ДОӘЖЖО Н.Турсабекова келесідей мәлімдеме жасады:
Арнайы пәндер, жалпыға білім беру пәндері бойынша студенттердің аралық аттестаттауда көрсеткен білім көрсеткіштері бойынша аралық аттестаттау өткізген оқытушылар құжаттарын жинақтап, өткізді.
2020-2021 оқу жылының бірінші жартыжылдығындағы әдістемелік жұмыстардың қорытындысы, жас мамандар мен тәлімгерлердің есебі берілді және құжаттар тізімі жинақталды.
1 курс студенттерінің әлеуметтік-психологиялық деңгейінің қорытындысы бойынша құжаттар жинақталып, студенттердің әлеуметтік-психологиялық деңгейін анықтау бойынша жұмыстар жалғасын табуда.
(мәтін тіркелді)
Тыңдалды:
2. Мерейтойлық күнтізбелік күндерге арналған жұмыс жоспарының орындалуы;
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша колледж кітапхана меңгерушісі С.Назарымбетова сөз сөйледі. Жаңа оқу жылының басында мерейтойлық күнтізбелік күндерге арналған жұмыс жоспары құрылып, бекітілгенін айтты. Жоспар бойынша аталмыш мерей тойларға байланысты студенттермен колледж кітапханасында дөңгелек үстел, пікір сайыс, кітаптар, суреттер көрмесі ұйымдастырылып, өткізілгендігін айтып өтті.
(мәтін тіркелді)
Тыңдалды:
3. Арнайы пәндер мен жалпыға білім беру пәндері бойынша апталық қорытындысы;
Әдістемелік кеңестің үшінші мәселесі бойынша арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері ПЦК төрағасы А.Калабаева мен жалпыға білім беру ПЦК төрайымы Ж.Фархатқызы сөз алды.
2021-2022 оқу жылының басында жоспарланып, бекітілген жоспар бойынша барлық жұмыстар қанағаттанарлық түрде жүргізілді.
Жалпыға білім беру әдістемелік бірлестік мүшелері пәндік апталықты жоспарға сай пәндік-циклдық комиссияның отырысында бекітілген бағдарламаларға сәйкес 2022 жылдың 14.02 - 25.02 аралығында жалпыға білім беру пәндері бойынша, 28.02-11.03 аралығында мамандықтар бойынша І-ІІ курс студенттері арасында жүргізді. Барлық іс-шара пәндік-циклдық комиссияның отырысында бекітілгендей уақытылы өткізілді. Апталық барысында пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері ашық сабақтар өткізді. Сонымен қатар қабырға газеттері, буклет, кроссворд, ребустар ұйымдастырылып студенттер жауаптарын жазбаша түрде тапсырды. Апталық барысында барлық оқытушылар АКТ құралдарын өз сабақтарында толыққанды қолдана білді.
Жалпыға білім беретін пәндері бойынша, мамандықтар бойынша онкүндіктер, уақтылы өткізіліп, құжаттары толық жинақталды.
(мәтін тіркелді)
Достарыңызбен бөлісу: |