Күн тәртібінің кезеңдері


Табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау



бет5/8
Дата13.06.2023
өлшемі34,77 Kb.
#100882
1   2   3   4   5   6   7   8
Табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау
Серуенде ойын алаңында ұсақ заттармен ойындарда қауіпсіз әрекет ету
(Қоршаған ортамен танысу)

Серуен

Картотека№15
Саябаққа саяхат.Мақсаты:
балалардың қыс жөніндегі түсініктерін толықтыра түсу.
Сұрақтар:1.Қазір жылдың қай мезгілі?
2.Жердің беті қандай?
3.Күн көзінің нұры қандай?
4.Жылуы қандай, жылыта ма?
5.Сендер аязды сезінесіндер ме?
6.Бұрынан таныс ағаштардың, құстардың атын еске алып, олар туралы сұхбат жүргізу.Саябақты аралап,оның гүлденгенін сүйсіне білу.
Көркем сөз:
Күн мейрімін төгеді,
Жазаламай ешкімді
Сәулесімен өбеді, кәрі еменді, өскінді,
Жаз құшағы шуақты, күн анамыз сияқты.
Қимылды ойын: «Суық аяз»Мақсаты: тез жүгіруге жүгірген баланы ұстап алуға жаттықтыру.
Жеке жұмыс: алға қойылған тосқауылдардан екі аяқпен бірдей секіріп, өте білу. (айналадағы жатқан заттарды да пайдалануға болады

Картотека.
№ 16 Қыстың негізгі белгілерін бақылау.
Мақсаты : балаларды қыстың белгілерін ажырата білуге үйрету..
Көркем сөз:
Аппақ, аппақ ақшақар
Бірін ұстап алайын...
Ұстадым!
Жоқ, ақша қар,
Қайдан іздеп табайын?
(Жақан Смаков)
Қимылды ойын: «Аяз»
Мақсаты тез жүгіруге жаттықтыру.
Еңбек: үйдің ауласын қардан тазартып қою.
Мақсаты: күрекпен жұмыс істеуге үйретіп, еңбекке баулу.
Қимылды жаттығулар: мұзды жолмен сырғанай білуге жаттықтыру.
Жорамал:
Түтін будақтап шықса, аяз болады

№ 17 Қала көшелерін бақылау
Мақсаты: тәрбиеші көшеде тәртіп сақтау туралы, жол жүру ережесі туралы, көліктердің көптеген түрі туралы білімдерін анықтап, толықтыру.
Сұрақтар:
Көшедегі үйлер қандай?
Көшедегі көліктер бір бағытта жүре ме, әлде екі бағытта жүре ме?
Жүргіншілер қайда, қандай жолмен жүрулері керек?
Көркем сөз:
Менің атым «бағдаршам» мекен жайым тұрақты,
Жақсы білем міндетімді, мүдірмеймін ешқашан.
Жол сілтейтін белгілер бөлінеді төрт топқа.
Қимылды ойын: «Жанады жанбайды» ойыны.
Мақсаты: тез жүгіруге, шыдамдылыққа жаттықтыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет