Күн тәртібінің кезеңдері


Еңбек: балабақшаның маңын қардан тазарту. Мақсаты



бет6/8
Дата13.06.2023
өлшемі34,77 Kb.
#100882
1   2   3   4   5   6   7   8
Еңбек: балабақшаның маңын қардан тазарту.
Мақсаты: күрекпен жұмыс істеуге, бірлесіп еңбек атқаруға, істі аяғына дейін тиянақты орындауға үйрету.
Жеке жұмыс: мұздың үстімен сырғанай білу.
Жұмбақтар:
Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді,
Бір көзім «абайла» дейді,
«Қарап ал маңдайға!» - дейді
(Бағдаршам)
Картотека

Картотека № 18
Өзен, көл, су тоғандарына саяхатМақсаты:
Балаларды өзен, көл, су тоғандарының қыстағы өзгерістерімен таныстыру. Мұздың қасиетімен, қалпымен жете таныстыру. Мұз қауіпсіздігіне арналған ережелермен таныстыру?
Тапсырма: «Сүмелек мұз» тақырыбына сурет салу.
Сұрақтар:
1.Өзендегі суға не болды?
2.Су неге қатты?
3.Өзеннен нені көруге болады?
4. Қай кезде мұздың үстімен жүріп, коньки тебуге болады?
Көркем сөз:
Тез қарасын батырды,
Қар жаңбырлы сиқыр бұлт.
Жел көк мұзды қатырды,
Жердің бетін типыл ғып.
Балалардың берген жауабын қорытындылау: Мұздың жұқа кезінде оның үстімен жүгіруге, коньки тебуге болмайтынын балаларға айту.
Қимылды ойын: «Шортан мен табан балықтар»
Мақсаты: тез жүгіруге, жүгірген баланы тез ұстап алуға жаттықтыру, айналаны бағдарлай білуге үйрету.
Жеке жұмыс: денеңді тепе тең ұстап, мұз үстімен сырғанай білу.
Жұмбақтар
Отқа жанбайды,
Суға батпайды. (мұз)



Картотека №19
№ 14 Ауа райының жайсыз жағдайын бақылау.  Мақсаты: Балаларға ауа райының жағдайын байқап, белгілеуді ұсыну. Қатты желге назар аудару. Қатты жел әсіресе ақпан айында жиі болады,
ұйтқыған боран мен бұрқасын борандарда қар бір жердең бір жерге жөңікіліп жүреді.

Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай бір-бірін итермей жүруді үйрету. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін үйрету. ( дербес ойын әрекеті).

Түскі ас

Сабынмен қолдарын сабындап, киімдерін суламай жуыну. Өзінің жеке сүлгісін тани білуді үйрету. Сүлгіні дұрыс қолдануды дамыту, орнына іліп қоуын қалыптастыру.Тамақтану кезінде орындықта тік отыру. Астың дәмді болуын тілеу. Тамақты дұрыс ішу. Қасықты дұрыс ұстау, майлықты қолдану , нан қиқымын шашпай, сорпамен сусынын төкпей ішуді үйрету. (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)

Күндізгі ұйқы

Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағытуды қалыптастыру. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)
«Үш аю» ертегісін оқып беру (Көркем әдебиет)
Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайыл баяу музыка тыңдау. (Музыка)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет