Алқызыл долана – раушан гүлділер тұқымдасына жататын өсімдік.Өсуі жай болғанымен, долана төзімді ағаш болып саналады. Дәрілік мақсатта долананың жемісі мен гүлін пайдаланады. Доланадан жасалған дәрілер орталық жүйке жүйесін тыныштандырады, жүрек бұлшық еттеріне күш береді, жүрек пен мидағы қан айналымын ж ақсартады.
4сурет.Алқызыл долананың 50-ге жуық түрлері қолдан өсіріледі. Долана медицинада дәрі-дәрмек жасауда пайдаланылады.
4
01.06.2023
1
Әртүрлі тұқымдас өсімдіктердің морфологиялық сипаттамасы.
6 -сурет.Өсімдіктер систематикасы
Өркен.Кейбір өсімдіктердің жапырақтарында тамырлар бір-біріне параллель орналасқан. Мұндай венация параллель деп аталады. Ол көптеген монокотты өсімдіктерде (бидай, қара бидай, арпа, жүгері, пияз және басқалары) кездеседі. Алаң лалагүлі мен бөлме өсімдігі аспидистраның жапырақтарында доғалы венация болады, бұл біржарнақты өсімдіктерге де тән.Қосжарнақты өсімдіктердің жапырақтарында тамырлар көп рет тармақталып, үздіксіз желі түзеді. Бұл торлы венация. Венация арқылы сіз әдетте сіздің алдыңызда қандай өсімдік бар екенін шеше аласыз - монокот немесе дикот. Бірақ ерекше жағдайлар бар. Мысалы, біржарнақты қарға көзді өсімдіктің жапырақтарында торлы венация болады.
2
. Раушангүл тұқымдасы
Раушангүл тұқымдасы (Rosaceae) — қос жарнақтыларға жататын бұта, ағаш тәріздес бір немесе екі жылдық өсімдіктер. Жер шарында кең таралған, негізінен, қоңыржай аймақта өседі, 100-ден аса туысы, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 36 туысы, 200-ден артық түрі бар, оның 12-сі өте сирек кездесетін өсімдіктер, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Раушангүл тұқымдасына жататын өсімдіктердің жапырақтары күрделі, кезектесіп орналасады, бүтін жиекті, қосалқы жапырақшалары болады. Гүлі қос жынысты, кейде дара жынысты, жеке-жеке не топтанып орналасқан. Гүл күлтесі бесеу, аталығы мен аналығы көп, гүлқоршауы көбіне екі қатарлы. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктер жел және жәндіктер арқылы тозаңданады.