Күнделік / Дневник Кафедра Фармация Пән / Дисциплина Ботаника Клиникалық база / Клиническая база


Дәрілік түймедақ (лат. Matricaria chamomilla)



бет5/6
Дата19.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#108738
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дневник Өмірбек Аяулым Гайдарқызы (копия)

1.Дәрілік түймедақ (лат. Matricaria chamomilla)
Табы: Қос жарнақтылар
Сипаттамасы:
Дәрілік түймедақ – биіктігі 35-40см –ге жететін бір жылдық шөптесін өсімдік, тамыры нәзік,білеу. Бірен-саран бұтақталған сабақтары бар, күрделі екі-үш қауырсынды тілімделген жапырақтары сабақтарында кезектесіп орналасқан.Тілімделген жапырақшалары жіңішке жіп тәрізді,төменгі жапырақтары сабақтарын жартылай қоршап жатады.
Қолдануы: Дәрі үшін өсімдіктің гүлдерін сабағынан үзіп, жинап алады.
Түймедақтың гүлінен жасалған дәрілердің жел шығаратын, қабынуға қарсы әсер ететін, тер шығаратын, ауырған жерлерді тыныштандыратын, денедегі бұлшық еттердің тырысуына қарсы әсер етеін қасиеттері бар.
Сонымен қатар қан тоқтататын, микробты жоятын, өт айдайтын, етеккірдің келуін реттейтін дәрі ретінде де қолданады.
Халық медицинасында өсімдік гүлдерінің тұнбасынан жасалған дәрілерді асқазанның, тоқ ішектің қабынуын, бауырдың, бүйректің, қуықтың ауруларын емдеу үшін пайдаланады.
Дене сыртындағы іріңді жараларды, ванна жасау арқылы подаграны, ревматизм ауруына байланысты буындардың сырқырағанын емдейді.
Тамақ бездері мен тіс түбіріндегі еттер қабынғанда ауызды және тамақты шаяды.
Түймедақты шаштың қайызғағын кетіру үшін де пайдаланады.


2. Дәрілік сәлбен (лат. Salvia officinalis)

Бөлімі:Гүлді өсімдіктер
Тұқымдасы:Lamiaceae
Сипаттамасы:
Дәрілік шалфей – бұл өсімдік жартылай бұта,биіктігі 50 см,өсімдікті қалың түктер басқаннан кейін, сабағы да, жапырағы да бозғылт –жасыл түсті болады.
Сабақтары бұтақталған,төрт қырлы, олар төменгі жағынан сүректелген. Жапырақтары ұзын 5-10см, сағақты, сопақша келген, сабақтарында қарама-қарсы орналасқан, жапырақтың жиектері, аздап дөңес тісті болады.
Жапырақтың түсі бозғылт-жасыл(үлкен жапырақтары), ал ұсақ жапырақтары ақ түсті болады.Өйткені жапырақтарын қалың түк басқан, әсіресе, астыңғы жағынан. Дәрілік өсімдік шикізаты түрлі формалы немесе бүтін жапырақтар немесе бөлшектері 1-35мм дейін, өсімдіктің басқа бөліктері аздап кездеседі (сабағы, гүлдері тостағаншасымен бірге және онсыз).
Қолдануы: Медицинада қолданылуы:бактерицидтік және түрлі қабынуға қарсы пайдалынады.Жоғарғы тыныс алу жүйесінің жолдары қабынғанда және ауыз уылғанда (стоматит) тамақты және ауызды шаю үшін қолданылады, эфир майы не ұнтақтары ароматизациялау үшін де қолданылады. Сонымен қатар АІЖ ауруларында, аллергияға, гинекологиялық ауруларға, балаларда қабыну ауруларына қарсы қолданылады.
Препараттар: шалфей жапырағынан дайындалған тұндырмалары; тұнбалары; жапырақтарынан алынатын қойытылған бөлінді – «Сальвин» препараты; 1% спиртті ерітіндісі және көптеген жинақтар құрамына кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет