Алқызыл долана – раушан гүлділер тұқымдасына жататын өсімдік.Өсуі жай болғанымен, долана төзімді ағаш болып саналады. Дәрілік мақсатта долананың жемісі мен гүлін пайдаланады. Доланадан жасалған дәрілер орталық жүйке жүйесін тыныштандырады, жүрек бұлшық еттеріне күш береді, жүрек пен мидағы қан айналымын ж ақсартады.
4сурет.Алқызыл долананың 50-ге жуық түрлері қолдан өсіріледі. Долана медицинада дәрі-дәрмек жасауда пайдаланылады.
О4
01.06.2023
1
Әртүрлі тұқымдас өсімдіктердің морфологиялық сипаттамасы.
7-сурет. Бұтақтану тшггері жөне осьтер системасы. Өркендегі бүтақтардың орналасу жобасы. Өркен. Бүршіктің өркенге айналуы, ондағы алғашқы жапырақтардың және буынаралықтардың үдей өсуінен басталады. Өсу конусын жапқан бүршіктегі жапырақтар бірқалыпты өспейді де, сыртқа қарай жазылады. Бң сыртқы қабыршағы тез кебеді де, түсіп қалады, ал өркен негізінде оның орны —“бүршік шеңбері” қалады. Өркеннің бүтақтану тәсілі әртүрлі. Ол жанама бүршікгердің әрқилы орналасуына, олардың өсу төсіліне және жанама өркендердің өсу ортасына, қүрылымдылық ерекшелігіне байланысты. Табиғатта сабағы аз бүтақтанатың немесе бүтақтанбайтын өсімдікгер де болады (көпшілік пальмалар, жүгері. банандар). Бүтақтанудың мынадай түрлерін ажыратады: 1) айырлы немесе дихотомиялы; 2) моноподийлі; 3) симподийлі және жалган дихотомиялы (7-сурет).
2
Раушангүл тұқымдасы
Р аушангүл тұқымдасы (Rosaceae) — қос жарнақтыларға жататын бұта, ағаш тәріздес бір немесе екі жылдық өсімдіктер. Жер шарында кең таралған, негізінен, қоңыржай аймақта өседі, 100-ден аса туысы, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 36 туысы, 200-ден артық түрі бар, оның 12-сі өте сирек кездесетін өсімдіктер, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Гүлі қос жынысты, кейде дара жынысты, жеке-жеке не топтанып орналасқан. Гүл күлтесі бесеу, аталығы мен аналығы көп, гүлқоршауы көбіне екі қатарлы. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктер жел және жәндіктер арқылы тозаңданады.