Қолдану көрсетілімдері: операциядан кейінгі кезеңде, атониялық іш қатуда, жуан ішектің шырышты қабығының қабыну процесінде, әр түрлі ішек ісінуінде.
Қарсы көрсетілімдері: жуан ішектің төменгі бөлігіндегі қабыну, ойық жара процесінде, анус аймағының сызатында, асқазан-ішектен қан кеткенде, қанаған геморройда.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
2.Кушетка үстіне клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз, науқасты шымылдықпен қоршаңыз.
3.Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
4.«Су» моншасында 380С дейін жылытылған 50-100 мл тұзды ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.
5.Жел шығаратын түтіктің саңылаусыз ұшына вазелин майын 20-30 см ұзындығына жағыңыз.
6.Науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бугілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.
7.Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен бөксені ашып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, алдымен 3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.
8.Алмұрт тәрізді баллоншадан немесе Жане шприцінен алдын ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына жалғап, жаймен тұзды ерітіндіні енгізіңіз.
9.Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе оны қолмен қысыңыз.
11.Алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарып алыңыз.
12.Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезгілде сол қолмен түтікті сыйпалап қысып оң қолыңызбен жел шығаратын түтікті шығарыңыз.
13.Аналь тесігі аймағын тазартыңыз.
14.Науқасты арқасына бұрылып жатуын сұраңыз. Науқастың хал-жағдайын сұраңыз.
15.Ұштықты, жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
16.Қолғапты шешіңіз.
17.Қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
18.Қолыңызды, жуып кептіріңіз.
|