6. Кері байланысты ұйымдастыра білуі
|
|
1
|
|
ҮЛГІЛІ :Мұғалім оқушылардың назарын дұрыс топтастыра алады. Оқушылар мұғалімнің олардан нені сұрайтынын жақсы түсінеді, тапсырманы уақытында және дұрыс орындайды және жауабын дәлелдей алады.Оқушылардың жауабы негізінде түзетулер енгізіледі және білімдерін тереңдету үшін ұсыныстар мен бағыттар беріледі. Оқушылар бірін-бірі объективті бағалайды және үйге тапсырманы өздері анықтайды.
|
ЖАҚСЫ : Оқушылар жауабын дәлелдеу барысында қиындықтарға кездеседі немесе өз жауабын дәлелдей ала алмайды. Бірін-бірі объективті бағалау барлық кезде бола бермейді. Оқушылардың жауабы негізінде түзету жұмыстары жүргізіледі және жауаптарын жақсарту үшін ұсыныстар беріледі. Үйге тапсырма, игерілген оқу материалының деңгейі бойынша беріледі.
|
ЖАҚСАРТУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ: Мұғалім сабақ мақсатын үстүртін қояды, оқушылар мұғалімнің өздерінен нені күтетінін барлық уақытта нақты түсіне бермейді. Тапсырмаларды барлығы орындамайды. Барлық оқушылар өздерінің жауаптарын түсіндіре алмайды.
|
ТӨМЕН : Мұғалім сабақ мақсатын дұрыс қоя алмайды. Оқушылар мұғалімнің олардан нені талап ететінін білмейді. Тапсырманы дұрыс емес немесе уақытында орындамайды. Оқушылардың жауаптарына қарап, мұғалім өзінің жұмыстарына түзетулер енгізбейді. Оқушылармен үй тапсырмаларында игерілген оқу материалдардың деңгейін ескермейді.
|
7. Оқу үрдісін басқаруы
|
|
1.5
|
|
ҮЛГІЛІ : Сабақты жоспарлау тиімді ұйымдастырылған.Оқушыларды білім алуға үгіттей біледі. Оқу процесі әдістемелік тұрғыдан сауатты жүргізіледі. Уақытты тиімді пайдалана біледі. Бағалау мен оқушылардың өзін-өзі бағалау әдістерін сауатты қолдана алады.
|
ЖАҚСЫ : Сабақты жоспарлау жақсы ұйымдастырылған. Оқу процесі әдістемелік тұрғыдан сауатты жүргізіледі. Сабақ кезеңдерін уақытқа бөлгенде қиындықтарға кездеседі. Бағалау мен оқушылардың өзін-өзі бағалау әдістерін сауатты қолдана алады.
|
|