ЖАҚСАРТУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ : Сабақтың әрбір кезеңінде уақытты пайдалану тиімсіз жоспарланған. Мұғалім жасалатын жұмыстың көлемі мен уақытын есептеуде қиындықтарға ұшырайды.Мұғалім жоспарлаған уақыт регламентін барлық кезде сақтай алмайды.Мұғалімнің сабақты жүргізу жоспарына түзетулер енгізбеуі.Уақытты тиімді пайдалану мақсатында оқыту әдістемесін дұрыс таңдамау.
ТӨМЕН : Мұғалім жоспарлаған уақыт регламентін сақтамайды. Мұғалім жасалатын жұмыстың көлемі мен уақытын есептей алмайды.
ҮЛГІЛІ :Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті жоғары, ашық дикция, байсалды сарын, үйлесімді шапшаңдық, сөзі эмоциялы. Ыммен және қимылмен басқара алады. Оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін ескереді. Киімінің стилі-іскер.
ЖАҚСЫ : Ашық дикция, байсалды сарын, үйлесімді шапшаңдық, сөзі эмоциялы. Ыммен және қимылмен басқара алады. Оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін ескереді. Киімінің стилі-іскер
ЖАҚСАРТУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ : Дикция анық емес, байсалды сарын, сөзі эмоциялы емес. Ыммен және қимылмен басқара алмайды. Мұғалім сыртқы келбетіне қажетті назар аудармайды.
ТӨМЕН :Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті төмен, беріп отырған ақпараты түсініксіз /жеткізе алмайды/, дикция анық емес, көтеріңкі (немесе төмендетілген) сарын, шапшаң(тым жай) қарқын, сөзі эмоциялы емес. Мұғалімнің сыртқы келбеті нашар(салақ).