Материалдық және рухани мәдениет, оның құндылықтар жүйесіндегі орны.
Мәдениет – адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін, икемін, қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды. Материалдық мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайды. Оларды игілікке пайдалана білу де мәдениеттің бір саласы. Сөйтіп, материалдық және рухани мәдениет тікелей байланысты екен. Одан шығатын қорытынды, мәдениет – қоғамның материалдық және рухани байлығының жиынтығы. Қоғамның материалдық дәрежесі жоғары болған сайын рухани өмір де жоғары болмақ. Біздің қазіргі қоғамдағы қиын жағдай осы өтпелі кезеңде туып отыр. Біріншіден, қаражаттың жетіспеуінен көптеген мәдени ошақтар асып-тосып, істен шығуда.
Материалдық мәдениет - біртұтас адамзаттың мәдениеттің бір бөлігі. Адамның заттық пішінге түскен руханилығы, табиғи объект пен оның материалы заттарға, қасиеттер мен сапаларға айналған және мұның бәрі адам арқылы ғана бола алатын, демек, мәдени мақсатқа сәйкес міндетті және өркениеттік рөлі бар шығармашылық қызметтің нәтижелері. Рухани мәдениетке қарағанда материалдық мәдениет табиғи объектілердің сапалары мен белгілеріне, адам материалдық заттарды, ішетін тамақ және өмір сүру үшін қажетті басқа да жабдыктарды жасағанда негізгі материал немесе шикізат ретінде пайдаланатын заттар түрлері, энергия және ақпаратқа тікелей тәуелді.
Материалдық мәдениетке өндірістің әр түрлі құрал-жабдыктары - энергетикалық және шикізат ресурстары, еңбек құралдары, өндіріс технологиясы және адам өмір кешетін ортаның инфроқұрылымы, байланыс және көлік құралдары, тұрмыстык, ойын-сауықтық ғимараттар, пайдаланылатын әр түрлі құралдар жатады.Тұтастай алғанда адам қызметінің нәтижесі болып табылатын материалдық құндылыктардың жиынтығы.
«Рухани мәдениет» - адамдардың талғамына байланысты дамыды. Ол өзінің құрамдас бөлігі ретінде эстетика мен этика нормаларын қабылдауға мәжбүр болды. «Мораль» - нормасы ретінде «эстетика» мен «этика» адамның рухани сипатын анықтады.