Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды. Яғни, мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамти отырып, ондағы басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттану туралы түсінік беру үшін алдымен осы мәдениет сөзінің этимологиясын, яғни шығу тегін түсіну керек. Қазақ тіліне бұл термин арабтың “маданият” – қала, қалалық, деген сөзінен енген.Осы “мәдениет” термині мен мағыналас “культура” термині де кең қолданысқа ие. “Культура”термині латын тілінде көне заманда жерді өңдеу дегенмағынаны білдірген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цициронның еңбектерінде (б.ғ.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп “жанды жетілдіру” деген ұғымды білдіреді. Бірте-бірте еуропалық тілдерде культура сөзі “білім беру”, “даму”, “қабілеттілік” , “құрметтеу”, дегенсияқты мағыналарға ие бола бастады.
Әдебиеттер тізімі: 1.Ғабитов,Т. Мәдениеттану негiздерi:оқулық.-Алматы:Дәнекер. Мәдениеттану негiздерi:Мәдениеттану негiздерi.-2007.
2. Исмаилов, Е. 20 ғасыр мәдениетiнiң антропологиясы.-Алматы:Жазушы.- 2008.
3. Мәдениеттiң типологиясы және тарихи өлшемдерi/Құраст.: М.Әуезов, Е.Исмаилов, Ә.Наурызбаева.-Алматы: Жазушы, 2007.
4. Әуезов, М. М. Алматы:Жазушы. Қазақстан қазiргi заманғы мәдениеттану парадигмалары. - 2008.
5. Қ. Жамалов. Ежелгі шығыс мәдениет: оқулық. - Алматы: Дәуір.- 2011.
6. Кокумбаева, Б., Сағындықұлы, Б., Кокумбаева, Л. Мәдениеттану негiздерi: оқулық.-Павлодар: ЭКО. - 2007.
7. Кемалова, Д. Ж. Мәдениеттануға кiрiспе: мәдениеттану мамандықтарының студ. арналған оқұ құралы. - Павлодар: Кереку. - 2009.