«Эстетика» - (грек - ощущение) - өнер туралы философиялық оқу.
«Этика» - (грек. адамгершілік, дәстүр қағидасы, мінез нормасы) адамдардың бір - біріне деген қарым - қатынасы, жоғарғы мәдениеттілік келбеті .
«Салт - дәстүр» - адамзаттың рухани көне құбылыстарының - бірі. Этнографиялық зерттеу мынаны көрсетеді: салт - дәстүр қоғамдағы архаикалық мәдениеттің доминанты болып табылады. Салт - дәстүр - әдеттегі саналы түрде адамзаттың аз өзгеріске түскен түрі.
Әдет - ғұрып аса қарапайым мінез - құлықтардың бүтіндей, үйреншікті өмір салтының үлгілерінің негізінде қалыптасады. Олар қоғамда белгілі бір уақытта, орында, белгілі бір - оқиға - жағдайға байланысты қолданылып жатады. Ол үлгіге қарекеттің айқындалмаған бір бөлігі енгізіледі.
Рухани мәдениеттің алғы шарттары ауыз әдебиетінен де табылып жатады. Әдет - ғұрып нормаларына (шама, өлшем, ереже) іс - әрекетті аяғына дейін түгел емес, тек қана бір принципті, іс - әрекеттің параметрін қамтиды. Ол мінез - құлықты белгілі өлшемнің варианттарынан және күрделенуінен тұрады.
Мәдениеттану ғылымның дамуы мен қалыптасуы.
Мәдениеттану пәнінің мақсаты - мәдениеттану тілінің қоғамдағы орны мен ролін, оның теориялық негіздері мен әлемдік озық үлгілерін, қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен рухани ізденістерін студенттермен бірге талқылау.
Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндеқалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз.
Мәдениеттану –мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы, мәдениет философиясын қамтиды. Мәдениет қоғамда болып жатқан түрлі процестерді (материалдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік, көркемдік т.б.) барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси-моральдық, ғылыми, көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі мәдениет түрлерінің өзара байланыстарымен, тәуелділіктерімен зерттейді.