Күні: Сыныбы: Аты-жөні: «Отарлау және ұлт-азаттық күрес» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.
Тақырып:ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары. Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы.
Оқу мақсаты: 7.3.1.5 Халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау
7.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау
Бағалау критерийі:Білім алушы
Халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын сипаттайды
Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі:Қолдану
Орындау уақыты: 20 минут
Тапсырмалар 1. Қазақ хандығының сыртқы саясатындағы ерекшеліктерін жалған және шындық арқылы анықтаңыз.
№
Тапсырма
Шындық
Жалған
1
Ресей империясының сыртқы саясатында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның алатын маңызы арта түсті.
2
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қазақтарының бір бөлігі Ресейдің қол астына өте бастады
3
Хиуа және Қоқан хандықтары билеушілерінің Ресейге деген көзқарасы өте жақсы болды
Патша үкіметінің қазақ өлкесін бірте-бірте отарлай түсуіне өте қолайолы жағдай қалыптасты
2.Тест сұрақтарына жауап береміз. 1. 1856-1857 жылдары Нұрмұхамедұлы басқарған көтерілістің тірегі болған қала
А) Жаңақала
В) Қазалы
С) Жаңақорған
D) Түркістан
Е) Шолаққорған
2. XIX ғасырдың ортасында Есет батыр бастаған көтеріліс нәтижесі
А) Салық мөлшеріне шек қойылды
В) Патша өкіметінің отарлауын кешеуілдетті
С) Патша өкіметі көтерілісшілердің талабын орындауға уәде берді
D) Есет Орынборда патша билігін мойындады
Е) Жазалаушы топтар талқандалды
3. 1858 жылы қырғыз-қазақ көтерілісшілері Қоқан әскеріне соққы берген жер
А) Әулиеата маңы
В) Тоқмақта
С) Пішпек түбінде
D) Шымкентке таяу жерде
Е) Меркеде
4. 1858 жылы Қоқан билігіне қарсы болған көтерілістің нәтижесі
А) Көтеріліс Қоқандықтардың билігін құлатуға алғышарт жасады
В) Көтерілісшілерге кешірім жасалынды
С) Қазақтарға еркін көшіп-қонуға еркіндік берілді
D) Салық мөлшері азайды
Е) Сауда өркендеді
5. Қазақ феодалдары Қоқан билеушілерімен жасаған ымыра:
А) Қазақ феодалдары көтерілісті тоқтатуға келісім берді
В) Қоқан ханы ішінара жеңілдіктер жасады
С) Қазақ феодалдары салықты көбейтуге келісті
D) Екі жақ Ресей билігіне қарсы бірігуге келісті
Е) Әскери күш шақыртуға келісім берді