Мысалы: Жердің Солтүстік полюсінен 15 қараша күні Күннің тұтылуын көруге болады ма?
Жауабы: Күн қазанның басы мен наурыздың ортасына дейін Солтүстік полюсте горизонт астында орналасатынын еске түсірсек, оқушылар сұраққа кері жауап береді, яғни көруге болмайды.
9-сыныпта негізгі тақырыптарды игеруге байланысты астрономиялық есептерді шешуді мынадай кезек бойынша бөліп қарастырдым: 1. 9-сыныпта «аспан сферасына» қатысты есептер шығару;
2. 9-сыныпта «жұлдызды аспанға» байланысты есептер шығару жолдары;
3. Жерілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақытты анықтауда есептер шығарудың маңызы;
4. Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдарына қатысты есептер шығару;.
5. Астрономиядағы қашықтықты анықтаудың кейбір тәсілдері;..
6. Астрономиядағы қашықтықты анықтаудың кейбір тәсілдері;.
№1. Горизонт жазықтығы мен дүние осінің арасындағы бұрыштың экватор мен тік сызықтың арасындағы бұрышқа тең болатындығын дәлелдеу керек
Шешуі: Аспан сферасын аспан меридианасының (1-сурет) жазықтығына проекциялау керек.
9-сыныпта «аспан сферасына» қатысты есеп 1-сурет .Аспан сферасын аспан меридианасының жазықтығына проекциялануы.
Мұндағы ZZ’- тік сызық, РP’ – дүние осі, NS пен QQ’ горизонтпен экватор жазықтықтарын сипаттайды. Дүние осі мен горизонт жазықтығының арасындағы бұрыш, бақылау жүргізілген орынның географиялық ендігі φ-ге тең, себебі QQ’PP’ және NS ZZ’ онда
NOP = QOZ = φ тең болады, себебі олар өзара перпендикуляр жақтардың бұрыштары, онда зениттік ауысу, бақылаушы тұрған орынның географиялық ендігіне тең болады.
Оқушылар бұл есепті шешу барысында аспан сферасын көз алдына елестетуге дағдыланады, аспан меридианын проекциялай алады және сол арқылы аспан сферасындағы экваторды, тік сызықты ажырата алады, әрі олардың арасындағы байланысты түсінеді. 9-сыныпта «жұлдызды аспанға» байланысты есеп Бұл есепті шешу барысында оқушылар: жұлдыздардың жарықталыну мен көрінерлік жұлдыздық шаманың арасындағы байланысты, яғни Погсон формуласын тек теория жүзінде біліп қана қоймай, жұлдыздар арасындағы жарықталынуды салыстыру арқылы бұл формуланы дәлелдеуге мүмкіндік алады.