Күнтізбе Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары



бет1/3
Дата17.10.2023
өлшемі3,64 Mb.
#117143
  1   2   3
Байланысты:
Асия Физика 9Ә


АСТРОНОМИЯ НЕГІЗДЕРІ
Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт
Астрономиядағы қашықтықты анықтаудың кейбір тәсілдері
Күнтізбе
Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары
Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы
Әр түрлі географиялық ендіктегі аспан сферасының қозғалысы
Аспан координаталарының жүйелері
Аспан сферасы
Жұлдызды аспан
Орта мектепте астрономиялық есептер шығарудың маңызы
Орта мектептерде астрономиялық есептерді шығаруға аса мән берілмейді, алайда астрономиядан есептерді шығару оқушылардың ойлау қабілеті мен дүниеге деген көзқарасын, қызығушылығын одан әрі дамытады. Астрономиялық есептерді шешу негізінен 9-сыныптан бастау алады, ал жетінші және сегізінші сыныптарда астрономиялық құбылыстар туралы оқытудың негізгі мазмұндары беріліп, оқушыларға меңгертуге тырысады.
Орта мектепте астрономиялық есептерді шығартуды үш түрге бөлуге болады:
  • есептеуді қажет ететін есептер;
  • жұлдызды аспанның жылжымалы картасымен орындалатын есептер;
  • сұрақ-жауап есептері.

  • 1. Күнделікте өмірде кездесетін құбылыстарды жай есептеулер жүргізу арқылы анықтау ерекше қызығушылықты тудырады. Оқушылардың математикалық есептеулер негізінде орындалатын есептер жинағын алған дұрыс. Сандық деректер есептің соңғы мәніне дәл келуі тиіс.

2. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы аспан бойынша жалпы бағдарлау құралы ретінде және дербес жағдайда шоқжұлдыздардың горизонтқа қатысты орналасуын анықтау үшін көмекші құрал болып табылады. Картаның сыртқы жиегінде күндер берілген, сол жиекте ай мезгілдерінің аттары мен каленьдарлық күндер жазылған. Картаға қосымша берілген дөңгелек жұлдызды аспандағы жұлдыздардың аспанға тәуелді орналасуын анықтауға мүмкіндік береді. Осы дөңгелектің сыртқы шеті 24 сағатқа бөлініп, уақыт лимбі деп аталады. Шырақтардың кульминация уақытын табу үшін осы шырақты керекті кульминацияға орналастырып, сағат лимбінің штрихымен даталар лимбісінің орналасуын қарап, белгілі уақыт бойынша оған сәйкес датаны анықтайды. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасымен орындалатын есептерге мысалдар келтірсем:
  • Бетелгейзе жұлдызының 5 қарашадағы шығыстағы жергілікті уақытын, жоғарғы кульминациясын, батуын анықтаңдар. 25 қарашада бұл жұлдыздың шығыстан шығуын анықтап, салыстырыңдыр. Қорытынды жасаңдар.

3. Сұрақ-жауап есептерін шешу үшін оқушылар астрономиялық құбылыстарды елестете алатын, ол құбылыстарды бір-бірінен ажырата алатын және дұрыс логикалық қорытындыға келе алатын болуы керек. Мұндай есептер оқушылардың кеңістікті елестете алу дағдысы мен логикалық ойлау қабілетін дамытады. Сұрақ-жауап есептерін астрономия курсының кез-келген бөлімі бойынша қоюға болады, алайда оларды қарастырып жатқан құбылысты формулаға салып шығармастан, сапалы жағын қарастырғанның пайдасы жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет