Күнтізбелік – тақырыптық жоспар


«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты



бет5/7
Дата09.06.2023
өлшемі68,79 Kb.
#100216
1   2   3   4   5   6   7
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу; ұлттық әдеби туындылармен қатар әлем әдебиеті туындыларымен таныстыру; көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра отырып, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде көркемдік тұтастық пен көркемдік бейнені талдау, жинақтай білу, шығарма идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру.
«Қазақ әдебиеті» пәні бағдарламасы үш негізгі дағдыны басшылыққа алынды:
1) түсіну және жауап беру;
2) анализ және интерпретация;
3) бағалау және салыстыру.
1) түсіну және жауап беру дағдысы шеңберінде оқушы ұсынылған әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды, кейіпкерлер портреті мен образын ашады; шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды, жатқа айтады; әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын түсініп, пікір алысады;
2) анализ және интерпретация дағдысын игеру арқылы білім алушы салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табады; шығармадағы тілдік бейнелеу: теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер мен қайталауларды табады, өлең құрылысын талдап үйренеді; эпикалық шығармадағы автор бейнесін табады; көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазады;
3) бағалау және салыстыру дағдысы арқылы шығарманың тарихи құндылығын бағалайды; кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды; шығармадағы мәселеге өз ойын қосып әдеби эссе; сыни хабарлама жазып үйренеді.
Оқу жүктемесінің көлемі: «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жылында - 72 сағат, аптасына – 2 сағат.
Оқулық: 5-сынып. Қазақ әдебиеті. Авторлары: Б.Керімбекова, Ә.Қуанышбаева. Баспасы : Алматы «Мектеп», 2017 жыл.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар 5-сынып





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет