Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау


«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет10/15
Дата19.05.2022
өлшемі173,76 Kb.
#35066
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Темірғали Зарина Ержанқызы ҰМЖ 2021-2022-1 (1)

«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


«Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 10-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында– 136 сағат.
10-сыныпқа арналған «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1) 7-9-сыныптардағы алгебра курсын қайталау;
2) «Функция, оның қасиеттері және графигі». Функция және оның берілу тәсілдері. Функциялардың графиктерін түрлендіру. Функцияның қасиеттері. Бөлшек-сызықты функция. Күрделі және кері функция ұғымдары;
3) «Тригонометриялық функциялар». Тригонометриялық функциялар,олардың қасиеттері мен графиктері. Тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен салу;
4) «Кері тригонометриялық функциялар». Арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс. Кері тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері. Кері тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулер;
5) «Тригонометриялық теңдеулер». Қарапайым тригонометриялық теңдеулер. Тригонометриялық теңдеулер және олардың жүйелерін шешу әдістері;
6) «Тригонометриялық теңсіздіктер». Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу;
7) «Ықтималдық». Комбинаторика элементтері және оларды оқиғалардың ықтималдықтарын табуда қолданылуы. Жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномы (натурал көрсеткішті). Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері. Шартты ықтималдық. Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері. Толық ықтималдық формуласы және Байес формуласы. Бернулли формуласы және оның салдарлары. Нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдері;
8) «Көпмүшелер». Бірнеше айнымалысы бар көпмүшелер және олардың стандарт түрі. Біртекті және симметриялы көпмүшелер. Бір айнымалысы бар көпмүшенің жалпы түрі. Көбейткіштерге жіктеу әдісі арқылы бір айнымалысы бар көпмүше түбірлерін табу. Көпмүшені көпмүшеге «бұрыштап» бөлу. Безу теоремасы, Горнер схемасы. Анықталмаған коэффициенттер әдісі. Бүтін коэффициетті көпмүшенің рационал түбірлері туралы теорема. Квадрат теңдеу түріне келтірілетін жоғары дәрежелі теңдеулер. Үшінші дәрежелі көпмүше үшін жалпыланған Виеттеоремасы;
9) «Функцияның шегі және үзіліссіздігі». Функцияныңнүктедегі және шексіздіктегі шегі. Функция графигінің асимптоталары. Сан тізбегінің шегі. Функцияның нүктедегі және жиындағы үзіліссіздігі. Шектерді табу. Біріншітамаша шек;
10) «Туынды». Туындының анықтамасы. Функция дифференциалы ұғымы.Туынды табу ережелері. Күрделі функция туындысы. Тригонометриялық функциялардың туындылары.Кері тригонометриялық функциялардың туындылары. Туындының физикалық және геометриялық мағынасы. Функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі;
11) «Туындының қолданылуы». Функцияның өсу және кему белгілері. Функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелері. Функция графигінің иілу нүктелері, функция графигінің дөңестігі. Функцияныдөңестікке зерттеу. Туындының көмегімен функцияны зерттеу жәнеграфигін салу. Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері.
12).«Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары». Кездейсоқ шамалар. Дискретті кездейсоқ шамалар. Үзіліссіз кездейсоқ шама ұғымы. Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары. Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім түрлері. Үлкен сандар заңы.
13) 10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет