Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы



бет130/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   134
Коммуникативтік құзырет - бірлесіп жұмыс істеуді бағалау,' адамдар арасындағы сенімділік, бірін-бірі тұсіну, тыңдау, сыйлау,; этикет сақтау, дэстүрді білу, дау жан-жалды шеше алу, бұзылған-, қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу жэне қолдана білу қабілеттері.
Әлеуметтік-кұқықтық құзірет - өз елінің азаматы ретінде өзінің жэне қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапқершілік арту жатады. Осы жоғарыда аталған үш құзіреттілік барлық азаматтар үшін олардың мамандығына, білім деңгейіне, тұратын жеріне қарамастан негізгі қажетті қасиеттер болып саналады.
Кәсіпшіиің (профессионалдың) қалыптасуы
Құзыреттілік белгісі бір салада жинақталған түбегейлі білімдерді білдіреді. Құзыретті адам - бұл бір нэрсе туралы жетік білетін, жақсы хабардар адам, яғни құзыреттілікті эдетте қандай да бір кэсіби салада түбегейлі білімі бар адамның біліктілігімен байланыстырады.
Профессиологияның айналысатын мэселелерінің келесі бір саласы - кэсіби бағдарлау. Бұл мамандықты дұрыс таңдай алмау жағдайынан туатын қателіктердің алдын алып, болдырмау жағына бағытталған еңбек экспертизасы
«Профессионализм» ұғымы «құзыреттілік» терминімен жиі ұшырасып отырады, нақты маманның құзыреттілігімен оның кэсібилігін, зияткерлігін, өнегелігін жэне жеке құзыреттілікті түсіндіреді.
Сондықтан кәсібиліктің мэселелерін талдауда екі жақтама: нақты (профессиограмма) және жеке, психология (психограмма) тарапынан кешенді түрде орынды жүргізу керек. Профессиограмма - бұл қоғамдық тэжірибемен ондірілген жэне жинақталған, нақты адамнан («мамандықтағы еңбек») тэуелсіз өмір сүретін кэсіби қызмет мінездемелерінің сипаттамасы. Психограмма - бұл адамның психологиялық сапасының, симметриялық (бірдей) немесе кэсіби қызметінің («мамандықтағы адам») сэйкес емес нақты талап етілуінің құрылымдық сипаттамасы.
Адамның құндылық ұстанымын таңдауына не ықпал етеді? Негізінен құндылықтарды таңдауға адамның моральдық санасының дамуы ықпал етеді: әлеуметтік-мәнді қажеттіктер мен қызығушылықтарды, нормалар мен мінез-құлық ережелерін, қоғамдық арман-мұраттарды және эдептілік қағидаларын (мейірбандылық, эділдік, бақыт және т.б.) түсінуі. Қазіргі моральдық құндылықтардың мазмұны езара байланысты екі сипатқа ие. Біріншісі - барлық замандар мен халықтарға тән (жалпы адамдық құндылықтар) эдептілік ережелері мен адамның сапасы. Басқаша айтқанда, менеджер жалпы адамдық құндылықтарды ұстай отырып, қазіргі жағдайдағы еңбек ізгілендіруіне бағытталған.
Басқару қабілеттілігінің даму мәселесін талқылай отырып, біздің көзқарасымыз бойынша, қабілеттіліктердің үш белгісін ерекшелеп алуға болады: 1) менеджерлік мінездеме; 2) езіндік-басқару қабілеттіліктері; 3) құрылымдық - психологиялық қабілеттіліктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет