Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы



бет129/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   134
Байланысты:
Ê?áåêîâà Æ. Ñ. Ïñèõîëîãèÿ íåã³çäåð³ Î?ó ?óðàëû

Жанама шешу әдісі:
сезімін сыртқа шығару принципі: қазіргі кездегі көрнекі психотерапевтердің бірі К.Роджерстің айтуынша егер адамның оны толқытып тұрған барлық негативті сезімдерінің шығуына мүмкіндік берсе, бұл сезімдер бірте-бірте позитивті сезімге айналады.
эмоцияны қайтару принципі: дау-дамайды басудың төте тэсілдері, адамдар арасында тұрақты жэне жағымды қарым-қатынас орнату - элеуметтік өмірдің өзекті мэселелерінің бірі. • Сондықтан адамдардың бірімен-бірі жалпы тіл табысуында, қоғамдық өмірді кеңейту жолындағы еңбек эрекетін дамытуында, бүкіл қоғамдық игіліктер жасауда шексіз маңызды, эрі мұндай эрекеттер игі мақсат болып табылады.
Қақтығыстарды шешуде келесі стратегиялар бар:
қақтығыстың алдын алу немесе профилактика;
қақтығысты пайда болу кезеңдерінде басқару;
қақтығысты шешу эдістерін қолдану;
қақтығыс пен оның салдарын жобалау.
Қақтығысты реттеу элеуметтік қызметкердің жеке қабілеттері мен дағдыларына байланысты. Сұхбаттасуды дұрыс жүргізу көп қиындықтардан өтуге мүмкіндік береді: керек кезінде кешірім сұрау, компромиске келу, өкінішін білдіру, заңды талаптарға келісу, ашық болуға шақыру, өз ойын толық жеткізуді сұрау, қарсы жаққа сыйластық көрсете білу, идея тастау, т.б.
Әлеуметтік қызметкердің жұмыс нәтижесінің тиімді болуы екіталай, бірақ ол үшін уайымға түсудің керегі жоқ. Қақтығысты шешуге көмектесетін қарапайым сұхбаттасуда қолданылатын ережелер бар. Олар:
қатысушыға делдал ретіндегі рөлін түсіндіру;
кінэ тақпау;
өзін ақтамау;
сөзді бөлмеу;
тек шындықты айту;
басқаны тыңдау;
келісімге келу;
қақтығысты шешу.
§6.6 Еңбектің психологиялық қырлары. Кәсіпқойлық
деңгейлері
Маман моделі
Қазіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың элеуметтік, кәсіптік, өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Болашақ мамандардан төмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді:
жүйелі ойлау;
экологиялық, құқықтық, ақпараттық мэдениет;
кэсіпкерлік мэдениет;
өзін-өзі тану жэне басқаларға ұсыну;
өз қызметін білімді талдау;
кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдай алу;
жаңа білімді меңгеру;
эр іске жауапкершілікпен қарау.
Мамандықтың белгілі бір түріне бағыт-бағдар беру - кәсіптік бейімделу (адаптация) мэселесіне келіп тіреледі. Мысалы, өндіріске жаңадан келгендерге тэжірибелі жұмыскерлер алғашқы кезде көбірек кәңіл бөліп, олардың эр қайсысына қамқорлық керсетіп, жұмыстағы кемшілік- олқылықтарын түзеп, қабілеттерін сүйеп, демеп отырады. Бұл жайт жас адамның әмір жолын дұрыс таңдай алуына, өз мүмкіндігіне сенімін нығайтып бекіте түседі. Кэсіпке бейімделудің сан алуан жолдары мен әдістері бар. Солардың ішінде «Жұмысшы қатарына қабылдау», «өмірге жұмысшы жолдамасын беру», т.б. салт-дэстүрдің маңызы ерекше.
Кэсіпке бейімделу элементтері мектептегі оқу-тэжірибе процесінде де жүргізілсе құба-құп. Мысалы, сабақ үстінде, әр түрлі үйірме жұмыстары кезінде шэкірттерді тэжірибелік мэні бар қызметпен жэй таныстырып қоймай, оларды бұл іске тікелей араластырған абзал.
Кәсіби деңгейлері
Негізгі құзыреттілік сала ерекшелігіне қарамастан барлық мамандар бойынан табылу керек деп қарастырылған, себебі құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды, оның ішінде: '
ақпараттық; ' ;
коммуникативтік (қатынастық) |
элеуметті - құқықтық құзыреттілік көрсетілген. і Ақпараттық құзырет - мамандардың компьютерлік
білімділігі, жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу
(мультимедия, электронды пошта, Интернет) мұмкіндігі. • і


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет