Адамның жүйке жүйесі аса күрделілігімен ерекшеленеді. Орталык жуйке жүйесі - жұлыннан және мидан тұрады.
Жұлын – омырқа жотасының қуысында орналасқан және жүйкетіндерінен тұратын жуан жіп түрінде болады. Жұлынды колденең кесіп коретін болсақ, оның шеттерінде ақ зат орналасқан, ал ішжағынан сүр зат.
Бас ми бас сүйегінің қуысындаорналасқан.
Адамның бас миы ең жоғарысатыдағыжануарлардың,адам тәріздес
28
м аймылдардын миымен салыстырганда оте күрделі болып табылады. Бас ми бір-бірімен байланысты бірнеше
бөлімдерден түрады. Осы бөлімдердің ішіндегі негізгілері төменгілері: сопақша, артқы ми, ортаңғы ми, аралық ми және соңғы ми. Артқы мидыңнегізгі бөлімдеріне көпір және мишық жатады.
Сопақша ми- бұл жұлынның жалғасы. Оның адам ағзасының өмір сүруі үшінерекше мәні зор. Онда тыныс алуды, жүрек қызметін, қан тамырларының кызметін реттеп отыратын орталықтарорналасқан.
Мишық - ерікті қозғалысты реттеп отыратын мүше. Мишықтың жұмысы бұзылганда адам түра алмайды және үздіксіз қозғалысжасай алмайды, тепе-теңдікті сақтамайды, тез шаршайды,қозғалу мүмкіншілігінен айырылады.
Ортанғы ми - сопақша мимен бірге кеңістікте денені ұстауын, бағыт -бағдарын басқарады. Ортаңғы мидың қызметіне жарыққа, дыбысқа және басқа да тітіркендіргішке бағдарлы рефлекстер жатады. Ортаңгы мидан жоғары аралық ми орналаскан, оның негізгі бөлігіне көру бөгеттері мен бөгеттердің қосымша саласы жатады. Мидың бүкіл бөлімдері өзара бір-бірімен байланысты және бірыңгай тұтас жүйені құрайды. Бірақ олардың қызметінде мидың төменгі бөлімдерінің жоғары бөлімдеріне бағыныштылығы қатаң сақталады. Оларға үлкен жарты шарлар үстемдік етеді.
Ми екі үлкен жартышарға бөлінеді: оң және сол жағы. Сыртынан үлкен жартышарлар бірнеше миллиметр қалыңдығы бар түсті затпен қапталған. Бұл сүр түсті зат - үлкен жартышарлар қабығы. Әрбір жартышар 5 бөлікке бөлінеді: маңдай, шүйде, самай, шеке және аралша.