Рефлекс дегеніміз тітіркендіргішке агзаның кері жауабы, іс-әрекетті болып табылады. Мысалы, қолга электр тогін тигізетін болсақ, қолды тартып аламыз, ас ішкенде сілекей бөлінеді.
Ағзаның рефлекторлық әрекеті сыртқы немесе ішкі тітіргендіргіштердің әсерімен пайда болады. Сыртқы тітіркендіргіштерге сыртқы дүниеден әсер еткен тітіркендіргіштер (дыбыстар, жарық, дәм, иіс, жоғары немесе төменгітемпература) жатады. Ішкі тітіркендіргіштерге ағзаныңішкі ортасынан әсер ететін тітіркендіргіштер (ішкі мүшелердің қызметіндегі өзгерістер) жатады.
Рефлексте жүйке қозуы өтетін жолды рефлекторлық доға деп атайды. Рефлекторлық доға 5 түрлі бөлімнен тұрады:
1. рецептор;
2. сезгіштік немесе афферентік, ол арқылы тітіркендіргіш аймақтардан орталыққа беріледі;
3. орталық бөлім қозуды сезгіштік жүйкеден қозгалыс жүйкесін жасушаларына береді;
4. қозғалыс немесе эфференттік бөлім қозуды орталықтан орындаушы мүшеге береді;
5. орындаушы мүше бұлшық еттер мен бездерге жатады.
Рефлекстер - жүйке-физиологиялық қызметтері көмегімен жануарлар ағзасының сыртқы ортаға бейімделуі және оныңортамен байланысы іске асады.
Шартсыз рефлекстер - бұл туа біткен рефлекстер. Түйреуішті денеге тигізгенде, қолды тартып алу, ауызға тамақ барғанда сілекейдің бөлінуі - шартсыз рефлекстерге мысал бола алады.
Шартты рефлекстер - шартсыз рефлекстердің негізінде қалыптасады. Мәселен, иттерде (немесе басқа жануарларда) тамақ ішетін ыдысын көргенде (итаяғын) сілекейі боліне бастайды. Бұл
жерде тамақ ішетін ыдысы шартсыз емес, шартты тітіркендіргіш болып табылады.
Шартты рефлекс жануарларда, әсіресе адамдарда әруақытта да қалыптасады. Бұл құбылыс сыртқы ортаның өзгермелілігімен байланысты, оған жүйке жүйесі бейімделуі қажет, онымен жаңа уақытша байланыстар құру керек. Шартты рефлекстер әдісін пайдалана отырып, И.П.Павлов бас ми жартышарларының қызметі сыртқы ортадан жүйке жүйесіне және сонымен қатар ағзаның өзінен әсер ететін көптеген тітіркендіргіштердің талдаужәне жинақтау үрдістерінен тұрады.
Талдау мен жинактау И.П.Павлов анализатор деп атаған ерекше жүйке тетігінің көмегімен іске асады. Анализатор оның пікірінше жүйке-физиологиялық аппарат, ол сезгіштік жүйкенің перифериялық шегінен, жүйкенің өзінен сол тітіркендіргіштерді қабылдайтын үлкен жартышарлардың саласынан тұрады. Үлкен жартышарлар қабығы сыртқы ортадан келетін әртүрлі сигналдардың әсерімен күрделі аналитикалық-синтетикалық қызмет атқарады.
Сигналдар, ең алдымен анализаторға өз қасиетімен әрекет етуші қоршаған ортаның заттары мен құбылыстары болып табылады. Бұл әртүрлі көру, есту, дәм, иіс тітіркендіргіштерін И.П.Павлов бірінші сигнал жүйесі деп атады. Ол жануарларда және адамдарда болады.
Сөздер мен сөз тіркестері, ең алдымен адамдар оны естиді, сонымен қатар белгілі бір заттар мен құбылыстар туралы оған сигнал береді. Сөздер мен сөз тіркестерін И.П.Павлов екінші сигнал жүйесі деп атады. Екінші сигнал жүйесі адамның қоғамдық өмірінің жемісі және тек қана адамға тән. Жануарларда екінші сигнал жүйесі болмайды. Екінші сигнал жүйесін (сөзді, тілді) сигналдардың сигналы деп атады. Бірінші және екінші сигнал жүйелері бір-бірімен өзара тығыз байланыста іске асады. Екінші сигнал жүйесі адамзат ойлауының негізіне жатады, ол жинақталған түрде білімді есте сақтауға мүмкіншілік жасайды, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қызмет етеді.