Перифериялық жүйке жүйесі орталык жүйке жүйесінен ажырамай біртұтас болып келеді. Орталық жүйке жүйесінен шығатын және өз тармақтарымен бүкіл ағзага тарайтын жүйкелер перифериялық жуйке жүйесін құрайды, сонымен катар ағзаның әрбірр бөлімін орталық жүйке жүйесімен байланыстырады. Бас мидан 12 жұп, ал жұлыннан осы жүйкелердің 31 жұбы тарайды.
Сезгіштікжүйкелер тітіркендіргіштерден пайда болғанқозуларды орталыққа, демек аралық ми мен бас мига жеткізеді. Осы жүйкелердің көмегімен біз қоршаган дүниені түйсінеміз және қабылдаймыз. Бұл жү йкелер, басқаша айтканда рецепторлық (қабылдаушы) орталыққа баратын немесе афференттік жүйкелер деп аталады.
Қозғалыс (немесе моторлық) жүйкелер орталықтан келген импульстарды бұлшық еттерге және бездерге беріп отырады. Осы жүйкелердің көмегімен біздің бұлшық еттеріміз қозғалысқа келеді, әртүрлі іс-әрекеттер жасайды, осы жүйкелердің көмегімен әртүрлі бездердің қызметі реттеледі. Бұл жүйкелер, басқаша айтсақ, орталықтан келетін немесе эфференттік жүйкелер депаталады.
Вегетативтік жүйке жүйесі ми мен одан тыс орналасқан жүйке жолдарының ерекше біріккен және қиылысқан жүйке жолдарын қүрайды. Вегетативтік жүйке жүйесінің жекелеген жүйке клеткалары мен жүйке жолдары ас қорыту, қан айналым, тыныс алу және т.б. мүшелерде орналаскан. Вегетативтік жүйке жүйесінің орталықтан келетін талшықтары барлық сезім мүшелері мен тері жасушаларында болады. Осы талшықтар арқылы вегетативтік жүйке жүйесі сезім мүшелеріне әсерін тигізеді. Ол белгілі дәрежеде адаптацияға, демек сезім мүшелерінің бейімделуіне әсер етеді.
§7. Рефлекстер және оның түрлері
Жүйке жүйесінің қызметі, әсіресе оның жоғары бөліктерініңқызметі, ұзақ уақыт зерттелмей келді. Жоғары жүйкеніңфизиологиясын зерттеуде дүние жүзінде орыс ғалымдарыныңсіңірген еңбегі ерекше. Орыс физиологиясының атасыИ.М.Сеченов (1829-1905) алғаш рет бас мидың материалистікфизиологиясын құрудың жолдарын белгіледі. 1963 жылы оның«Бас ми рефлекстері» атты белгілі еңбегі жарияланды. «Адамда психикалық және физиологиялық қозғалыс, - деп жазды ол, - пайда болу тәсілі бойынша рефлекстер» И.М.Сеченовтынбастаған мидың рефлексторлық қызметін зерттеу жұмысын
И.П.Павлов қатаң эксперименталдық негізге құра білді, рефлексұғымына жаңа мазмұн берді, шартты рефлекстерді алудыңмеханизмін ашты, жаңа ғылыми пән - жоғары жүйке қызметіфизиологиясыннегіздеді,психологияныңғылыми-жаратылыстану негізі, іргетасы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |