Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы


Агнозия дегеніміз - заттарды тану мен дыбыстарды естудің қиындығы (заттарды танымау). Иллюзия



бет44/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   134
Агнозия дегеніміз - заттарды тану мен дыбыстарды естудің қиындығы (заттарды танымау).
Иллюзия - бар объектіні басқаша қабылдау. Шындық құбылыстардың адамға қате өзгертіліп қабылданатын бұзылудың түрі, мәселен қасық өз көлемінен үлкен көрінеді. Иллюзияның аффектифті немесе аффектогенді, вербалды және пароэйдоликалық түрлері бар. Физикалық және физиологиялық иллюзиялар қалыпты жағдайда барлық адамдарға тән.Ашуланғандағы иллюзиялар кездейсоқ және әр адамда әртүрлі болады.
Галлюцинация жалған қабылдаулар, шындықта жоқзаттарды бейнелеуі. Галлюцинация сезім мүшелеріне байланысты мынандай түрлерге бөлінеді: есту, зейіндік, дәм, иіс,сезу. Психикалық ауруларда, улануларда, нашақорлықта,алкоголизмде кездеседі. Галлюцинацияда ауру адам жоқ жыланды көріп, ысылын естиді және оның денеге тигенін сезеді.
Галлюцинацияның ең маңызды түрлері:

  • жалған галлюцинация;

  • нағыз галлюцинация.

Дереализация - ауру адамға қоршаған ортаның өзгертіліп,бұрмаланып қабылдануы. Оның үстіне ауруға сол зат қалай өзгергенін анықтау қиынға соғады. Сондықтан олар былай дейді: «айнала тірі емес сияқты» немесе «мен түсімде жүрген сияқтымын».
Деперсонализация - науқас өз денесін танымайды, артық қол,аяқ болуына немесе олардың ұзын, қысқа болуына шағымданады.


Жадының (ес) бұзылулары
Ес бұзылуының байқалуы әртүрлі. Осы мақсатпен ес патологиясының басты түріне жіктейміз.
Дисмнезия. Оған гипермнезия, гипомнезия, амнезияжатады. Енді осылардың әрқайсысына жеке - жеке тоқталсақ:
Гипермнезия - жадының күшеюі, ақпаратты есте сақтаудыңәлсіздігімен үйлесетін күшейтілген еске түсіру. Гипермнезиясыбар ауруларда бұрынұмытылып кеткен нәрселер есіне түседі.
Гипомнезия жадының әлсіреуі, есте сақтау қабілетінің бұзулуы кезінде байқалады. Ауру тек жарқын, анық және маңызды сәттерді ғана еске түсіре алады. Гипомнезияның ең жеңіл сатысы - санды, күнді, есімдерді есте сақтау қабілетінің төмендігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет