Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы



бет71/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   134
Байланысты:
Ê?áåêîâà Æ. Ñ. Ïñèõîëîãèÿ íåã³çäåð³ Î?ó ?óðàëû

2-ші саты - қарсылық; бұл сатының басты сипаттамасы -бірбеткейлік, бағынбау, қатаңдық; адам ережелер мен нұсқауларга жабысып, өз позициясын (көзқарасын) өзгертуге құштарлық танытпайды; томаға-тұйық, әзгелерден оқшау қалады (бұл мінез-құлқы айналасындағыларды кері тебетіндіктен назардан тыс қалуы мүмкін); егер сіз әдетте жұмыстан кейінгі уақытты бірге өткізетін мейірбике кенеттенқарым-қатынасты күрт үзсе, онда ол «кәсіби жанып кету» синдромын бастан кешіруі мүмкін;
3-ші саты - таусылу; А.Гюллен бұл сатыны ақырғы саты ретінде сипаттап, жазады; адамның бір жағынан, маужыраған, сылбыр және тұрлаусыз, ал екінші жағынан аса зілді және қатал болуы ықтимал; бұл сатыда оған көңіл мен қамқорлық қажет, алайда шұғыл жағдайларда тәртіптік сипаттағы жазақ олданылады: бұл ретте баламалы ең жақсы тәсіл - маманнан кеңес алу.
Қазіргі медицинада Гиппократ антының патерналистікбастауынан бас тарту анық біліне бастады. Ант бойынша «Мен науқастардың режимін өз біліміме, түсінігіме байланысты тиімді жаққа бағыттаймын».
Қазіргі медицинада керісінше емделуші мен әріптестік карым қатынас қалыптаса бастады.
Комплаенс (ағылшынша соmрlіаnсе - келісім) - науқастың терапия режимін сақтауға келісуі, дәрігердің ұсыныстарын қабылдау. Келісім деңгейіне дәрігер мен науқастың қарым-қатынасы әсер етеді. Қазіргі кезде терапевтикалық альянс туралы айтылады, бұл дәрігер мен науқас арасындағы әріптестік қарым-қатынас.
Әріптестік қарым-қатынас пен терапевтикалық альянсты қуру дәрігердің кәсіби деңгейінің жоғары екенін, деонтология принциптерінің сақталатынын көрсетеді.
«Егер науқас дәрігермен әңгімелескеннен соң, өзін жеңіл сезінбесе, ол дәрігер емес» - дейді В.М.Бехтерев. Сонымен дәрігердің сөзі емдеу кезіндегі ең маңызды фактор болым саналады, қандай болсын жазаға дайынмын дейді. Әдетте бұл сандырақ психоз ауруына жақын.


§4.3 Ерік ұгымы мен ерік үрдістерінің қызметтері, еріккүші


Адамға еріксіз және ерікті белсенділік тән. Еріксіз белсенділік адамға алдын-ала ешқандай максатсыз пайда болады, ол белгілі бір сыртқы себептердің негізінде қалыптасады. Еріксіз белсенділік саналы әрекетсіз іске асады. Ерікті белсенділік біздің қажетіміз бойынша, алдын-ала қойылған мақсат негізінде пайда болады. Ол негізінен саналы әрекет болып табылады.
Ерік - бұл алға қойған мақсатты орындау жолында кездесетін қиыншылдықтар мен кедергілерді жеңуге бағытталған адамның саналы психологиялық іс-әрекеті. Адам алдына әртүрлі мақсат қояды. Сол мақсатты орындау жолында ерік-қайраты мен күш-жігерін жұмсайды. Кей жағдайда мақсатты орындау ешқандайқиындықты, күш жұмсауды қажет етпейді. Ерікті үрдістер әр уақытта еріксіз белсенділіктің негізіне байланысты іске асады.
Мақсатқа жету қиындықтар мен кедергілерді жеңумен байланысты. Бұл қиындықтар мен кедергілер екі түрлі болады: сыртқы және ішкі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет