Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы


§4.4 Ерік үрдісінің сатылары



бет73/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   134
Байланысты:
Ê?áåêîâà Æ. Ñ. Ïñèõîëîãèÿ íåã³çäåð³ Î?ó ?óðàëû

§4.4 Ерік үрдісінің сатылары

Әрбір әрекетті екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші - даярлық кезеңінде мақсат белгіленеді, мақсатқа жетудің жолдары мен тәсілдері анықталады және шешім қабылданады; екінші -орындайтын кезеңде алынған шешімді атқару іске асады.


Даярлық кезеңі - бұл ойлау әрекетінің кезеңі, әртүрлі мүмкіншіліктерді ойластыру, ой елегінен өткізу. Кез-келген ерікті әрекет мақсатты әрекет ретінде әруақытта да әрекеттің мақсатын қоюдан және түсінуден басталады. Бірақ жалғыз ғана мақсатты қою жеткіліксіз, әрекеттің пайда болуы үшін, мақсатқа жету үшін табанды ұмтылу қажет. Мақсаттың мәнін жете түсіну керек. Адам алдына қойған мақсатыныңүлкен қоғамдық мәнінтүсінгенде, ол кездесетін қиыншылықтарды жеңуге қабілетті болып табылады. Алға қойған мақсатты орындауға адамның күшжігеріжетпейтін болса, оның еркін әлсіретеді, бастаған істі аяғына дейін жеткізбеу әдеті қалыптасады. Бірақ жеңіл-желпі орындалатын мақсаттар ерікті дамытпайды, қиындықтармем күресу, кедергілерді жеңу ептіліктерін орнықтырмайды. Іс-әрекет мақсаттары адамға түсінікті болуы керек, оған жету үшін ерекшекүш-жігер қажет. Тек мақсаттар ғана шын мәнінде ерікті мінез-құлықты анықтайды.
Шешім қабылдау - бұл белгілі бір мақсатқа, сол мақсатты орындауға апаратын іс-әрекеттің белгілі бір тәсіліне немесе белгілі жолдарына тоқтау. Мысалы, мамандық таңдауға байланысты түрткілердің күресі нәтижесінде мектеп бітіруші университеттің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын таңдау туралы шешім қабылдайды.
Жоспарлау - бұл алға қойған мақсатты орындауға бағытталған тиімді тәсілдер мен құралдарды іздестіруден тұратын күрделі ақыл-ой әрекеті. Жоспарлау үрдісінде барлық мүмкін болатын және қажетті әрекеттер, қиыншылықтар мен кедергілер ескеріледі, әрекеттің нәтижесіне алдын ала бағалау беріледі.
Алынған шешімді орындау - келесі негізгі кезең. Шешімнің әрекетке өтуін орындау деп атайды. Ерікті үрдісте ең негізгісіалынған шешімді орындау болып табылады. Орындауда адамныңеркі аңғарылады.
Өзіндік дербестіктің жағымсыз сапаларының бірі – негативизм. Негативистік көзқарастағы адамда еріктің дербестігі болмайды. Ондай адамдар басқаның кеңесіне дұрыс болса да құлақ аспайды.
Барлығын жоққа шығаруға тырысып бағады, тіпті өз көзқарасы мен сенімдеріне де қарама-қарсы болады.
Негативизмге қарама-қарсы, сонымен қатар еріктің жағымсыз сапаларының бірі сенгіштік. Сенгіш адам басқаның ықпалына жеңіл, тез берілгіш келеді. Басқаның берген ақыл-кеңесіне қате
болса да кенгіш, сыни көзбен қарамайтын еріктің жағымсыз сапасын айтады.
Табандылық - алға қойған мақсатты орындау жолында кездескен кедергілер мен қиыншылықтарды жеңе отырып,ұсынған шешімдерді аяғына дейін жеткізу, күш жігерді жүмсау. ¥лы Отан соғысында бүкіл кеңес халқы мен әскеріміз ерекшеерлік пен табандылықтың үлгісін көрсете білді. Табанды адамалғашқы кездескен сәтсіздіктерге мойынсұнбай, керісінше оданда жігерлене түседі, бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет