Қажеттіліктер, оларды жіктеу
Маслоу психология ғылымының неғүрлым әмбебап негізі ретінде психикалық ешқандай ауытқуы жоқ, өзін-өзі өзектендіретін адамды зерттеу керек дейді. Маслоу болжамы бойынша орташа адам ез қажеттіліктерін мынадай ретте қанағаттандырады.
Иерархия - бір-біріне бағынышты белгісі бойынша бір ретке орналастыру. Қажеттіліктерді осы барлық дәрежеде меңгерген адам толық оөзін-өзі жетілдірген болып саналады. Иерархиядағы қажеттіліктердің кезектесуі адам мотивациясы ұйымдасқанының негізгі принципі болып табылады. Дәл осындай иерархия кейбір адамда сақталуы мүмкін.
1. Физиологиялық қажеттілік: тамаққа, ауага, физиологиялық белсенділікке, сенсорлық стимуляцияға деген қажеттіліктер.
2.Қорғанысқа деген қажеттілік: қорғанысқа, тұрақтылыққа, белгілі бір дәрежеде тәртіп пен реттілікке, белгілі бір жүйенің, заңның болуына деген қажеттіліктер.
З.Қарым-қатынас қажеттілігі: белгілі бір әлеуметтік топқа жату, қарым-қатынас, достық, махаббатқа деген қажеттілік. Достыққа, махаббатқа деген қажеттілік екі топқа бөлінеді.
4. Өзін-өзі сыйлау қажеттілігі: өзін-өзі сыйлау, басқалардың өзін сыйлауын қажетсіну. Бұған кіретін: жетістік, сенімділік, біліктілік, тәуелсіздік, еркіндік, түсініктер, өзін-өзі сыйлау қалыптары.
5.Өзін-өзі өзектендіру деңгейіндегі қажеттіліктер: метақажеттіліктер деп аталады. Метақажеттілікті сипаттайтын негізгі түсініктер: тұрақтылық, тұрақты даму, бейсаналы жетілу, қарапайымдылық, эстетикалық сезімдердің болуы.
Маслоудың уәждемелік теориясы
А.Маслоудың жорамалдауынша, төменгі деңгейдегі қажеттілік қанағаттандырылған жағдайда ғана едәуір жоғары деңгейдегі қажеттілік пайда болады да, адамдардың назарында осы жоғары деңгейдегі қажеттілікті қанағаттандыру ой ниеті туындайдайды. Әрбір нақты уақыт кезеңіне орай адамдар өзіне аса маңызды немесе күшті қажеттілікті қанағаттандыруға ұмтылады.
Өзін-өзі көрсету қажеттілігі ешқашан да толыққанағаттандырылмайды, өйткені адамның жеке басының ой-өрісі дамуына орай оның потенциалдық мүмкіндігі ұлғая түседі. Сол себептен де мотивация процесінде адамның қажетсінуінде шек болмайды.
А.Маслоу теориясы адамдардың жұмысқа ынталану негізінтүсінуге зор үлес қосты. Басшы адамдардың мотивациясы,олардың жан-жақты қажетсінуімен айқындалатынын түсінді. ,
Бүкіл ұйымның ойлаған мақсатына жету үшін басшыларадамдардың ең қажетті нәрселерін, мүмкіндігінше толыққанағаттандыруға тырысу қажет.
Басшы өзінің қарамағындағыларды мұқият бақылауы, сөйтіп қандай қажеттілік олардың белсенділігін арттыратындығын білуі тиіс. Қажеттілік уақыт өткен сайын өзгеріп отыратындықтан, адамдарға бір рет колайлы жағдай жасағаннан кейін, ол үнемі жұмысқа тиімді әсер етеді деп есептеуге болмайды. Уақыт өтекеле мотивация көзқарасы да өзгереді. Мәселен, бұрын экономикалық тәсіл басым болса, енді мотивацияға әлеуметтік- экономикалық тәсіл бола бастады. А.Маслоу бойынша қажеттілік пирамидасы. Маслоу адамдарды бұрын тәжірибесі бар, әрі білімді деп карамай, оларды өзін-өзін жетілдіретін және өзін-өзімеңгеретін, өз өмірін қалыптастыра алатын жандар ретінде қарастырды. Ол адамдарда иерархиялық жүйеден тұратынкөптеген қажеттілік болатындығын мойындайды. А.Маслоу бұл қажеттіліктерді бес санатқа бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |