Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы


Әрекет. Іс-әрекеттің құрамды бөлігі, жекелеген қызметі әрекет



бет99/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   134
Әрекет. Іс-әрекеттің құрамды бөлігі, жекелеген қызметі әрекет деп аталады. Адам әрекеті көп жағдайда саналы болады. Олар белгілі түрткілер бойынша іске асады және белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады. Әрекеттер сананың бақылауында болып отырады. Жеке де қарапайым, күнделікті міндеттерді орындауға бағытталған әрбір аяқталған іс-әрекет элементін әрекет деп атайды. Кез-келген заттық әрекет кеңістік пен уақытқа байланысты белгілі қозғалыстардан жинақталады. Мысалы, «а» әрпін жазу әрекеті бірнеше элементтерден тұрады, қаламсапты саусақтармен қалай ұстау керек, кеңістікте қалай жазу керек жэне т.б. әрекеттерден құралады.
Әрекеттер тәжірибелік және ақыл-ой болып бөлінеді. Олар бір-бірімен тығыз байланысты. Тәжірибелік әрекеттерді меңгеру үрдісінде бала заттар мен әрекеттің тәсілдерін меңгереді. Баланың заттар мен операциялар әрекеті таным іс-әрекетінде үлкен рөл атқарады.
Әрекет - бұл өте ұсақ құрамалардан тұратын күрделі элемент. Осындай жағдай әрбір әрекеттің мақсатқа негізделетіні түсіндіріледі. Адамның мақсаты әр қырлы ғана емес, сонымен қатар көп масштабты болып келеді. Ірі мақсаттар бар, олар өз алдына үсақ мақсаттарға бөлінеді.
Енді әрбір әрекет әртүрлі жолмен орындалатынына көңіл аудару керек, яғни әртүрлі тәсілдермен орындалады. Әрекетті орындау тәсілі операция деп аталады. Әрекетті орындау тәсілі жағдайларға байланысты болады. Әртүрлі жағдайларда бір мақсатқа жету үшін әртүрлі операциялар қолданылуы мүмкін. Жағдайларға сыртқы шарттар мен әрекет етуші субъекті мүмкіндіктерін жатқызамыз. Сондықтан іс-әрекет теориясын мақсат міндет деп аталады.
Міндетке байланысты операция әртүрлі әрекеттерден тұруы мүмкін. Бұл әрекеттер өз алдына ұсақ әрекеттерге бөліне алады. Осылайша, операциялар - іс-әрекеттің ірілеу бірліктері.
Операцияның басты қасиеті, олар аз сезіледі немесе тіпті сезілмейді. Әрекеттен операцияның айырмашылығы сонда. Жалпы айтқанда, операция деңгейі - ол автоматтық әрекеттер мен дағды деңгейі. Дағды түсінігіне орындау барысында пайда болатын саналы іс-әрекеттіңавтоматтандырылған компоненттерін жатқызамыз. Басынан бастап автоматтандырылған әрекеттерге қарағанда (мысалы,рефлекторлық қимылдар) ұзақ жаттығулар арқасында дағды автоматтандырылған болады. Сондықтан операциялардың екі түрі болады: бірінші түріне адаптация, яғни бейімделу арқылы пайда болған операцияны жатқызамыз. Ал екінші түрі автоматизацияның арқасында дағдыға айналып, санасызәрекеттер процестеріне өтіп кеткен саналы әрекеттерді жатқызу болады. Бірінші түріне айтарлықтай сезілмейді, ал екіншілері сана шекарасында тұрады.
Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады: операция мен әрекеттер арасында айқын шекараны бөлу қиынға соғады.
Енді іс-әрекет құрылымындағы үшінші, ең төменгі деңгейге отелік. Ол - психофизиологиялық функциялар деңгейі. Іс-әрекет теориясында психофизиологиялық функциялар деп психикалық процестерді қамтамасыз ететін физиологиялық механизмдерді айтамыз. Адам биоэлеуметтік организм болғандықтан, біз психикалық процестердің өтуін психикалық процестердің іске асу мүмкіндігімен қамтамасыз ететін физиологиялық процесс деңгейлерінен бөліп қарастыра алмаймыз. Психикалық функциялардың көпшілігі организмнің бірнеше мүмкіндіктерінсіз жүзеге аспайды. Осындай мүмкіндіктерге түйсікке қабілеттілікті, қозғалғыштық қабілеттілігін, өткен әсерлер мен іздерді бекіту мүмкіндігін жатқыза аламыз. Осы категориялар қатарында жүйке жүйесінің морфологиясында бекітілген және өмірдің алғашқы айларында туа пайда болған механизмдерді айта кету керек. Осы қабілеттер мен механизмдердің барлығы адамға туылған сәттен бастап беріледі, яғни олардың генетикалық шарттылығы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет