Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы


Жасөспірім шақ (15-17 жас)



бет104/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   134
Байланысты:
Ê?áåêîâà Æ. Ñ. Ïñèõîëîãèÿ íåã³çäåð³ Î?ó ?óðàëû

Жасөспірім шақ (15-17 жас)
Жасөспірімдік кезеңнің көптеген теориялары бар. Жасөспірімдік шақ бала мен ересектік шақтың аралығы, баланың ересектерге тәуелділігімен сипатталады, ересектер баланың өмірлік іс-әрекетін мазмұны мен бағытын белгілейді.
Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері - мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге, өз отбасын құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді.
Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай қалыптасып болады. Сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды, алайда ол одан әрі жетіле береді. Жасөспірімдік шақ - жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз ағзасы мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі байқалады. Сондықтан жасөспірімдік шақ ымырасыз келеді. Жасөспірімге өзін көрсетуге ұмтылу, өзін жан-жақты ашуға құштарлық тән.
Бұл кезеңде сезім, достық қарым-қатынастар дамиды. Мысалы: ғашықтық, өзара сенім, қайырымдылық, бірін-бірі сыйлау, көмек көрсету, іс-әрекеттерін бірігіп орындау, жолдасының кемшілігін айтып, жоюға көмектесу.
Біз 16-18 жастың арасын ерте кезеңгі жастықшақ деп атасақ та осылар қазіргі кезде үлкендермен салыстырғанда, түгелдей тең келеді деуге болмайды. Себебі ересек деп отырғанымыз жеткіншектен едәуір басым келгенімен, әлі де бала мен үлкендердің екі арасында. Тіпті студент жасындағылардың көбі қазір де ата-анасының мойнында. Сондықтан, біз тек материалдық жағын айтып отырған жоқпыз. Есею жөнінде әңгіме етіп отырмыз. Есею деген түсінікке тек дене күші не ақыл – ой байлығы ғана жатпайды, бұған жасөспірімнің өзгелерменқатынасының тиісті мөлшерде болуы, қиын жағдайда өздігіненшешімге келе алуы, қиыншылықтардан бас тартпауы т.б. жатады. Бұл қасиеттер әлеуметтік орта жемісі.
Ересек оқушының жеткіншек жастағыларға қараға жауапкершілігі ұлғаяды.
Ересектердің денесінің дамуына келсек, жеткіншек жасындағыдай бойының тез өсуі тоқтала бастайды. Әсіресе бойының есуі тоқталады, бірақ кеудесі, қолы мен аяғыныңбұлшық еттері, шеміршектері, мойны т.б. азды-көпті әлі өсетінболады. Қыздардың бойы 17 жасқа, ұлдар 18 жасқа дейін өседі.Ересектердің физиологиялық даму жағынан пісуін алсақ, ол тиісті органдарда әртүрлі болады. Ересек жасына орайпсихиканың дамуында кездесетін ерекшеліктер (не болса соғанашулану, күйіп-пісу т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет