Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы



бет11/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   134
Байланысты:
Ê?áåêîâà Æ. Ñ. Ïñèõîëîãèÿ íåã³çäåð³ Î?ó ?óðàëû

Медиңиналық психология дәрігер қызметінің және ауру мінез-құлқының психологиялық мәселелерін зерттейді. Ол нейропсихологияға, психофармакологияға, психотерапияға, психопрофилактика мен психогигиенаға бөлінеді.
Нейропсихология - психикалық қүбылыстардыңфизиологиялық ми құрылымдарымен арақатынасын зерттейді.
Психофармакология - дәрі-дәрмек заттардың адамның іс-әрекетіне әсерін зерттейді.
ІІсихотерапия - ауруды емдеу үшін психикалық әсер ету тәсілдерін қолдануды зерттейді.
ІІсихопрофилактика мен психогигиена - адамдардың денсаулығын қамтамасыз ету үшін шаралар жүйесін талдауды зерттеу болып табылады.
Арнаулы психология - бірнеше бөлімдерге белінеді: патопсихология, олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология.
Патопсихология - адамдардың дұрыс психикалық іс-әрекетінің бұзылуының әр түрлі түрін зерттейді.
Олигофренопсихология - мидың туғаннан болатын ақауына байланысты психикалық дамудың патологиялық сипатын зерттейді.
Сурдопсихология - есту сезімінің бұзылуына байланысты психологиялық ерекшеліктерді зерттейді.
Тифлопсихология - көру сезімінің бұзылуына байланысты психологиялық ерекшеліктерді зерттейді.
Заң психологиясы заң жүйесін іске асырумен байланыстыпсихологиялық мәселелерді қарастырады. Ол сот психологиясы,криминалды психология, пенитенциарлық немесе еңбекпен түзеупсихологиясы. Сот психологиясы тергеу үрдісіне:қатысушылардың мінез-құлқыныңпсихологиялықерекшеліктерін зерттеумен айналысады; криминалды психология деп мінез-құлықтың психологиялық мәселелерін және қылмыскер тұлғасын қалыптастыру мен қылмыстың себептерін анықтайтын саласын айтады; еңбекпен түзеу психологиясы еңбекпен түзеу колониясында ұсталғандардың психологиясы, сендіру жәнекөндіру әдістері арқылы тәрбиенің психологиялық мәселелеріменайналысады
Әскери психология адамның соғыс жағдайындағы қылық-әрекетін, қолбасшы мен оның билігіндегі сарбаз арасындағы қарым-қатынастың психологиялық тараптарын, әскерді рухтандырушы үгіт-насихат психологиясының әдістерін және әскери техниканы басқарудың психологиялық мәселелерін
зерттейді.
Аталған топ қатарына спорт, сауда, ғылым мен өнердің шығармашылық психологиясы да кіреді.
Психология тармақтарын топтастыру негізіне дамудың психологиялық қырлары да алынуы мүмкін. Бұл жағдайда психологияның даму принципі іске асады. Осыған байланысты психология келесі салаларға бөлінеді: Жас сатыларының психологиясы жеке адамның әртүрлі психикалық процестері мен психикалық қасиеттерінің онтогенезін (жеке даму) зерттейді де келесі салаларды өз ішіне қамтиды: балалар психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, ересек адамдар психологиясы мен кәрілік психологиясы (геронтология).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет