Салыстырмалыпсихология - психикалық өмірдіңфилогенетикалық (біртұтас даму) формаларын зерттейді.
Әлеуметтік психология деген атпен психологияның көптеген салалары бірігеді. Әлеуметтік психология адамдардың әртүрлі ұйымдасқан ресми немесе ұйымдаспаған бейресми топтарда көрініс беретін психикалық болмысын зерттеумен шұғылданады.
Жалпы психологиябарлық психология салаларының ішінде айрықша орынды иеленетінін атап өткен жөн. Бұл тараудың негізгі міндеті - психологияның әдіс мәселелері мен тарихын, психикалық құбылыстардың пайда болуының, дамуының және болмыстың жалпыланған заңдылықтарын ғылыми нақтылау. Сонымен бірге жалпы психология танымдық және тәжірибелік іс-әрекетті де зерттейді. Жалпы психология зерттеулерінің нәтижесі - психология ғылымының барша салалары мен белімдерінің іргетасы қызметін атқарады.
§4. Психологиядагы зерттеулердің тәсілдері
Диагностика (гректің екі сөзінен құралған, біріншісі «диа» -қазақшалағанда «айқын», «анық» деген мағынаны білдіреді, екіншісі гректің «гнозис»- білім деген мағынада қолданылады. Диагностика - зерттелетін объекті немесе үрдіс туралы алдын-ала ақпарат алудың жалпы тәсілі. Жеке тұлғаның психологиялық даму саласында диагностиканың, мәні медицинадағы ауру сипаты туралы дұрыс қойылған диагноздың мәнімен бірдей: егер оның белгілері, шығу себептері уақытында және дұрыс анықталған болса, емдеу нәтижесі оң болатындығына сенім мол.
Байқау әдісідегеніміз әртүрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның ісәрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі.
Эксперимент әдісі. Эксперимент жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды.
Зертханалық экспериментарнайы ұйымдастырылып, кұралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі.
Табиғи эксперименттің зертханалық эксцерименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады.
Тест - ағылшын сөзі, қазақшалағанда «байқау» немесе «сынақ» деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді психологиялық зерттеулер тәжірибесіне өткен ғасырдың аяғында америка ғалымы Дж.Кэттел енгізді. Сұхбаттасу әдісі.Психологияда сұхбаттасу әдісі танымныңкеңінен тараған құралдарының түріне жатады. Сұхбаттың мақсаты- жауап берушінің сөзінен объективтік және субъективтік деректер туралы ақпарат алу. Психологияда қолданылатын сұхбаттасу әдісін екі түрге бөлуге болады: 1 «Бетпе-бет»-сұхбаттасу, арнайы жоспармен зерттеушінің жүргізетін сұхбаты; 2 Сырттай сұхбат- анкета, ол өз бетінше толтырылады.
Сауалнама әдісі - арнайы жасалынған сұрақтардың көмегімен, жаппай материал жинау әдісі. Сауалнама әдісінің өзіндік ерекшеліктері бар. Сырттай сауал жүргізу кейде адамдардың өткір пікірталасын туғызатын мәселелерге олардың қатынасың анықтау немесе қысқа мерзімнің ішінде көп адамға жаппай сұрау жүргізу қажет болғанда ғана сауалнама әдісі қолданылады. Сауалнама қалыпты сұхбаттасуға қарағанда көп жағдайда құпиялылығына толықтай кепілдік береді, сондықтан да сұралғандар шын көңілден ешқандай бүкпесіз жауап береді.