Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы


§6.5 Тұлға аралық қақтығыстар оларды шешудің жолдары



бет127/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   134
Байланысты:
Ê?áåêîâà Æ. Ñ. Ïñèõîëîãèÿ íåã³çäåð³ Î?ó ?óðàëû

§6.5 Тұлға аралық қақтығыстар оларды шешудің жолдары Қақтығыс ұғымына анықтама беру
Қақтығыс жер бетінде тіршіліктің пайда болуымен қатар дамыды десек қателеспейтін шығармыз, өйткені тіршілік иесінің сүрыпталып, сақталуы үшін тіршілік етуін жалғастыру үшін күрес жүргізуге тура келді.
Алғашқы ғасырлардың өзінде-ақ адамзат өмірінде болған қақтығыстар мен олардың шешілу жолдары жайлы көп толғанған. Конфликт бұрыннан ғылыми зерттеудің объектісі болмаса да, оның өзіндік тарихы бар жэне кейбір басқа ғылымдармен салыстырғанда оның тарихы көне заманнан бастау алады.
Ежелде конфликтінің пайда болу себебі билік үшін, тіршілік
үшін күрес соғыстары болған.
Қытай ойшылы (б.з.д. ҮІ-Ү ғ.ғ.) Лао-цзы: «Барлық тіршіліктің дамуы - инь мен янь энергияларының үйлесімділігінде» - деп түжырымдаған.
Жер шарының қай жерінде болмасын, эрбір адам эртүрлі жағдайда «конфликт» деген құбылыспен кездеседі. Тіпті біздің арамызда ешқашан дау-дамайға түспеген адам жоқ шығар. Ғылыми эдебиеттерде қақтығыс эртүрлі мағынада түсіндіріледі. Бұл терминнің анықтамасы өте көп.
Жалпы «конфликт» сөзі латын тілінен енген, тікелей мағынасы -дау-дамай (қақтығыс). Адамның өмірі қақтығыссыз өте алмайды, өйткені адам болған соң өзінің пайымдауы, өз көзқарасы, өз түсінігі болады. Бір мәселеге екі адам екі жақты қарайды.
Зерттеулерге қарағанда қақтығыстың 80 пайызы қақтығысқан адамдардың еркінен тыс түзіледі екен. Ол адам психикасына байланысты, ал көбі оған мэн бере қоймайды. Қақтығыстың пайда болуына септігін тигізетін конфликтогендер бар. «Конфликтоген» сөзінің түсінігі - қақтығыстың өрши түсуі.
Конфликтогендерді үш типке бөліп қарастыруға болады:
біреуден асып түсуге ұмтылу;
агрессияға бой үру;
эгоизмге бой ұру.
Адамдар жан-жақты дамыған қалпында жаралмаған, сондықтан реніштерді көңілге алып қалып, есесін түгелдей қайтару үшін ызамен жауап береді. Әрине ренішті кешіре білу - бұл жоғары жетістік жэне оны этикамен қоса барлық діндер құптайды. Бірақ осындай жетістікке барлық адам жете қоймаған, өйткені өз ар-намысын, ез жан тыныштығын сақтау адамзат қажеттіліктерінің бірі болып табылады. Даулы мэселені шешуде адамның бойындағы барлық игі қасиеттерін өмір эрекеттерімен ұштастыруға ұмтыла отырып, жақсы қасиеттерді қалыптастыру үшін адамдармен бірлесіп эртүрлі жаттығулар жасауы, өмірлік жағдаяттарға байланысты пікір алмасуы, оның дұрыс-бұрыстығын талқылауы жүйке жұмысының қызметін нығайтып, түрлі ауру-сырқаудың алдын алуға мүмкіндік береді.
Басқа сөзбен айтқанда, қақтығыс - екі не одан да көп индивидтің немесе топтың қарама-қарсы жақтың белгілі бір мақсатқа жетуіне, қызығушылығының қанағаттандырылуына
э дейі бөгет жасау немесе оның көзқарасын, элеуметтік ұстанымын өзгерту процесі.
Қақтығыс формуласы, оның белгілері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет