Ол стратегиялық ойлауға икемді, сезгіштік ойлау дағдыларына ие, жеткіліқсіз мәлімет жағдайында жылдам жэне дұрыс шешімдер қабылдай білуі тиіс. Бұған кең ой өрісі, мықты кәсіби білімі болмай, өздігінен үйрену жэне табиғи (мэжбүр етусіз) сөйлеу рөлін түсінбей қол жеткізу мүмкін емес.
Сонымен қатар маңыздысы сол, түсетін мэліметтерді жылдам қайта өңдеп, басқалары елемеген ең маңыздысын көрі-п және ерекшелеп, алға қойылған мақсатты тиімді жэне өте аз шығындармен іске асыру, күрделі мэселелердің қарапайым шешімін таба білуге қабілеттілігінің болуы.
Менеджерге міндетті түрде жаңаны сезінуге мүмкіндік беретін, іскер жағдайлардың неғұрлым сипаттамалық беталыстардың дамуына тура болжау жасауға қабілеттілік керек. Тәуекелге қабілеттілік - менеджердің кәсіби жарамдылығын бағалаудагы бірден бір басты белгілерінің бірі.
Ол өз қателіктерін ашық мойындай отырып, өз реализмін жоғалтпай, тэуекел етуге еш қорықпау керек. ¥жымда жетекшілігін мойындату үшін менеджер эріптестікке талпыныс жасауы (әлеуметтік өзара эрекеттесудің дағдылары), тіл тапқыштық, өзінің қол астындағыларға жанашырлық білдіруі жэне қүрмет көрсетуі, оларға көмек көрсетуге ниеті әрқашан дайын болуы керек.
Менеджердің қол астындағылардың арасында мэртебесі көбінесе өз қызметінің кәсіби парызы мен жауапкершілігін сезіне алуы, өзі басқаруда қаншалықты қабілетті екенін, оларға айтылған сөзінен шығып, уәдесінде түруына негізделген. Олармен жүмыс жасау үшін менеджер ерікті потенциалға ие болуы тиіс, мақсатты жэне де өз тарапынан жүмсалған күш-жігерді талап ете алуы тиіс. Менеджердің эзілқойлық сезімі топтағы психологиялық ахуалға оң ықпалы тиіп, өндірістік қатынастарды жақсартуға көмектеседі. Сыртқы тартымдылық (мұнтаздық, әдемілік), жақсы үлгілер, эдептілік, айқын, анық, үйқасты сөз оның мәртебесі жэне жетекшілік орнын марқайтады. Соңғы кезде менеджердің жеке басына, оның адамгершіліксенімділігіне деген қызығушылық елеулі түрде өсті. Барлығы қазіргі менеджерлердің психологиялық келбетінде өзіндік намыс, адалдық жэне ұқыптылық болуы керек деген пікірді жиірек айтуда. Енді менеджерлерді кэсіби даярлаудың ерекшеліктеріне тоқталайық.
Тәжірибеде өзінің тиімділігін ақтай отырып, менеджерлердің эзірлеуіне қаржы белу үнемі артуда. Батыста орын алған менеджерлердің кэсіби даярлығы арнайы мемлекеттік жэне жекеменшік мектептерде, фирмаларда, негізінен университеттік жүйелерге кіретін бизнес мектептерінде жүзеге асады. Бүл мектептер басқару қызметінің мамандығын жоғарылату курстарын үйымдастырады. Мектептер социотехникалық менеджменттің эр түрлі бағытында көрсетілген даярлау жэне қайта даярлаудың өзіндік бағдарламасына ие. Жапонияда өзіндік даярлау бағдарламасын жасайтын компанияларға менеджерлерді даярлауда басымдықтар беріледі, ал университеттер жалпыға бірдей білім беру қызметін орындайды.
Қазіргі кезеңде менеджментті оқытуда сипаттамалық тенденциялар айқын қаралуда. Егер ертеректе көбінесе басқару өнерін оқытса, ал қазір - басқару ғылымын оқытады. Оқу бағдарламаларындағы психологиялық пэндер бойынша даярлау көлемі 40-60%-ға дейін жетеді. Бүл жағдайлар менеджмент «философиясында» да орын алады. Осылайша, белгілі американдық корпорация ЕВМ-нің түжырымдамасы «Шындықтың үш бағанасына» негізделген: жеке басқа деген қүрмет, түтынушыға ықылас, жұмыстың биік сапасы.
Американдық бизнес мектептеріндегі менеджер