Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы



бет25/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   134
Байланысты:
Ê?áåêîâà Æ. Ñ. Ïñèõîëîãèÿ íåã³çäåð³ Î?ó ?óðàëû

Сипай сезу түйсіктері - бұл түйсіктер сипай сезу немесе тактилдік түйсіктер, сонымен қатар тегістік және бұдырлық түйсіктер. Тері сезгіштігінің барлық түрлері контактылық сезгіштікке жатады. Тері сезгіштік адамның бүкіл денесіне бірдей бөлінбеген. Тері рецепторларының ерекше көп жинақталуы -алақанда, саусақтардың ұштарында және еріндерде. Сипай сезуде қол және қолдың саусақтары ерекше үлкен рөл атқарады. Адамныңқолы мен оның саусақтары қоршаған дүниені тануда сипай сезудің арнаулы мүшесі қызметін атқарады. Мәселен: көзі көрмейтін, құлағы естімейтін белгілі ғалым О. Скороходова қоршаған дүниені сипай сезу мүшесі арқылы, яғни қолдың саусақтары немесе алақаны арқылы қызыл және жасыл жарықты түстерді ажырата білгендігін айта кеткен жөн. Оның көру, есту мүшелері істемегенмен, сипай сезу түйсінулерінің күшті дамығандығын мысалға келтіруге болады.
Температуралық түйсіктерге жылылық пен салқындық түйсіктерін жатқызуға болады.
Булшық ет, қозғалыс түйсіктері
Бұлшық ет, қозғалыс түйсіктері немесе кинестетикалық түйсінулер. Осы топтағы түйсінулерге қысым (ауырлық) түйсінулері, қарсы тұру түйсінулері (қатты, жұмсақ) және жекелеген мүшелердің қозғалысының түйсінулері жатады. Бұл түйсінулердің мүшелеріңе біздің барлық бұлшық еттеріміз, сіңірлер мен буындар жатады. Бұлшық еттерде, сіңірлер мен буындардың үстіңгі жақтарында ерекше сезгіштік жүйке шрмақтарының ұштары орналасқан, қимыл кезінде осы түйсіктер іске асады.
Статикалықтүйсіктер
Статикалық түйсіктер дегеніміз кеңістіктегі біздің денеміздің жағдайы және оның тепе-теңдігін сақтауды айтады. Кеңістіктегі денені түйсінудің және оның тепе-теңдігін сақтаудың рецепторы құлақтың ішкі бөлігінде орналасқан жарты дөңгелек арналар болып табылады, онда ерекше сұйық зат - эндолимфа болады. Эндолимфада тармақталған сезгіштік жүйке орналасқан, ол кеңістіктегі біздің денеміздің қозғалысы мен жағдайын реттеп отырады. Бұл жүйкенің қозуы біздің денеміздің әртүрлі қозғалыстарында эндолимфаның тербелістерінен пайда болады. Дененің тепе-теңдігін сактауда ерекше рөл атқаратын отолиттер.Бұл ұсак әктерден тұратын кристалдар (тастар), оларэндолимфада қалкып жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет