Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы



бет33/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   134
Ес үрдістері
Ес үрдістері бірнеше түрге бөлінеді: Есте қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту, тану және ұмыту.
Есте қалдыру. Естің іс әрекеті есте қалдырудан басталады. Есте қалдыру басқаша айтқанда бекіту деп аталады. Біз әр уақытта белгілі бір нәрсені есте сақтаймыз, сол сияқтықабылдаймыз және ойлаймыз. «Уақытша жүйелік байланыс, - депжазды И.П.Павлов, - жануарлар дүниесі мен біздің өзімізде іскеасатын әмбебап физиологиялық құбылыс. Ол сонымен қатар психологтар ассоциация деп атайтын психикалық құбылыс...» Есте қалдыру механикалық және мағыналық болып бөлінеді.Механикалық есте қалдыру негізінен есте қалдыратынматериалды бекітудің сыртқы байланыстары мен жекелегенбөлімдерінің арасындағы байланыстарға негізделеді. Механикалық есте қалдырудың негізгі шарты қайталау болыптабылады. Мысалы, егер бірнеше рет қайталаса, олардыңарасында ассоциация қалыптасады, бұл жердегі байланыс (ассоциация) бірінен соң бірін механикалық түрде қайталағандықтан болады.
Механикалық есте қалдыру - бұл материалдың жекелегенбөліктерін олардың арасындағы мағыналық байланысқа сүйенбей, бір ізді есте қалдыру.
Мағыналық есте калдыру - ойлау үрдісімен тікелей байланысты, мағыналық есте қалдыру, материалдық мазмұны түсінуге, оның бөліктерінің арасында болатын логикалық байланыстарды саналы пайымдауға негізделеді. Мағыналық есте қалдыруға комектесетін тәсілдердің бірі- материалды мағыналы топтау. Мағыналық топтау дегеніміз материалды бөліктерге бөлшектеу, әрбір белімдегі басты, маңыздыларын бөліп көрсету. Мағыналық есте қалдырудың негізгі шарты - түсіну. Есте қалдыру ырықты және ырықсыз болуы мүмкін. Ырықсыз естеқалдыру - алдын ала ешқандай мақсат қойылмай, материалды алдын ала таңдап, есте қалдырудың қандай да бір тәсілдерін қолданбай іске асатын есте қалдыруды айтады.
Қайта жаңғырту
Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы қайта жаңғырту деп екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғыртуда адам алдына мақсат қоймайды. Мұны іс-әрекеттің барысы туғызып отырады, қайта жаңғыртудың осы түрі көбінесе адамның үнемі айналысатын әрекетіменмазмұндас болады. Мысалы, музыкант мелодияларды қалайболса солай жаңғырта береді.
Арнайы қайта жаңғырту мақсат қоюмен, ерік күшін жұмсаумен, арнаулы әдіс- тәсілдер қолданумен жүзеге асады.
Тану--қайта жаңғыртудың қарапайым түрі. Тану бұрын қабылдаған және қайтадан кезіккенде көрінетін ес үрдістері. Тану адамдардың қабылдау саласындағы ерекшеліктеріне қарай түрлі дәрежеде көрінеді. Мысалы, біреу бір нәрсені қиналмай, тез және толық таниды, екінші біреу мұны мүлде тани алмайды, үшінші біреу шала таниды, ал төртінші біреу қате танитын болады. Объектіні дұрыс тану үшін адамдардың көзі төселіп үйренген, өмір тәріжибиесі мол, бақылағыш болуы шарт. Ес процесінде болатын қателіктердің көпшілігі дәл, жетік тани алмаудан, ал дұрыс тани алмаудың өзі алғашқыда зер салып, жөнді қабылдай алмаудан болады.
Қайта жаңғыртудағы бұл қиындықтар сонымен қатар қазіргі сәттеқажеттіні қайта жаңғыртудың мүмкіншілігінің болмауы ұмыту болып табылады. Сондықтан ұмыту- есте сақтауға кері үрдіс емес, қайта жаңғыртуға кері үрдіс. ¥мыту толық болуымүмкін, ондай жағдайда есте сақталған материалды немесе оның бөлігін көп мезгілге дейін қайта жаңғырта алмаймыз. Көпжағдайда ұмыту уақытша болады. Алғаш есте қалдырғанматериалды неғұрлым толық және дұрыс түрде қайта ескетүсіруді реминисценция (латын сөзі- reminiscetia-қазақшалағанда еске алу, жаңғырту мағынасында қолданылады) деп атайды. Реминисценция терминін 1907 жылы серб ғалымы В.Урбанчич ұсынған.
І


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет