Амнезия - жадының жоғалуы, бұл оқиғалардың, жағдайлар менфактілердің толығымен естен шығып кетуі. Амнезияның төмендегідей түрлері бар:
Кертартпалық амнезия - аурудың күшейген кезіндегі болған оқиғалардың естен шығуы. Мысалы, улану немесе бастан зақым болганда. Кертартпалық амнезияның созылу мерзімі (апта, ай кейде бірнеше минут) әртүрлі.
Антероградты амнезия - оқиғаның толық және бір бәлігінің пхикалық ауру жағдайынан кейін естен шығуы. Мұның да уақыт мерзімі әрқалай болып келеді.
Фиксационды амнезия - есте сақтау қабілетінің жоғалуы. Сол уақыттағы оқиғаны ғана жазып алып, кейін қайтадан ұмытып, естен шығару. Осындай бұзылуы бар адамдар өзінің кереуетінің қайда екенін, дәрігерінің атын ұмытып қалады.
Прогрессивті амнезия- Рибол заңдылығына байланысты естің ыдырауы: алдымен кеш сақталған оқиғалар мен фактілер естен шығады, ал ерте сақталғандары соңыңан жойылады. Бұдан басқа аффектогенді және психогенді амнезия кездеседі. Бұл жағымсыз аффектінің әсерінен оқиғаларды есте сақтай алмағанда байқалады.
Парамнезия - жадының патологиялық бұзылуы, естің қате, құбылмалы түрде болуы. Адам белгілі жердегі оқиғаны есте сақтауы мүмкін, бірақ оның уақытын сақтай алмайды. Тек психикалық ауруларда кездеседі. Оның екі түрі бар:
Конфабуляция- науқас өмірінде болған, бірақ ұмытылған кейбір оқиғаларды өтірік оқиғалармен толтырады, өзі соған сенеді.
Псевдореминисценция - науқас өмірінде болған оқиғалардың уақытын шатастырады.
Зейіннің (назар) бұзылулары Зейіннің бұзылулары қарттарда, жүйке және психикалық ауруларда жиі кездеседі. Зейіннің негізгі қасиеттері өзгереді. Көбінесе науқастар назардың қиын шоғырлануына шағымданады.Зейінсіздік деп назар тұрақтылығының бұзылуын айтамыз.
Оның 3 түрі бар.
1түрі балаларда кездеседі. Зейін еріксіз оңай аударылуымен сипатталады.
2 түрі қарттарда кездеседі. Зейін әлсіз интинсивтігімен сипатталады.
3түрі ғалымдарда кездеседі. Қиын назар аударылуымен сипатталады. Ойлардың терең концентрациясында бір ғана жаңалық пайда болады деп айтуға болады.