Сезім мен түйсіктің бұзылулары Науқастың психологиялық жағдайының алғашқы кезеңдерінің бірі - олардың сезім танымын зерттеу болып табылады. Ең алдымен түйсіктің патологиялық сараптама барысында сезімділікке көп мән береді. Ол кейде төмендеп, кейде жоғары көтеріліп тұруы мүмкін. Сезімталдықтың алғашқы сатысы психикалық гиперестезияда байқалады.
Гиперестезия- сезу мүшелерінің тітіркендіргіштерге аса жоғары түрде сезімталдығы. Бұл үрдіс әртүрлі соматикалық ауруларда болады.
Гипестезия - тітіркендірулерді төменгі түрде қабылдау (сезімталдықтың нашарлауы, әлсіреуі). Бұл жағдайда адам уколға не шыбынға селт етпейді, қоршаған орта бұлыңғырланып, жарық қасиетін жояды. Дыбыстар анық естілмей түстер түсін жойып, бәрі сұр сияқты көрінеді.
Анестезия- сезімталдықтың жоғалуы, наркоз заттарын килданғанда не кейбір психикалық жағдайларда болады.
Сенестопатия - бұл бұлшық еттерде, тері астында болатын ұшімсыз сезімдер.
Синестезия- сезім қабылдауының негіздері бір уақытта бірнеше анализаторлардың жауабын беретін, бір анализаторға бағытталған сыртқы тітіркендіргіштің болуымен сипатталады.
Синестезия дарынды музыканттарда, ақын, суретшілерде көп кездседі.
Парестезия- патологиялық сезім (дененің әр жерінде шаншу, қызып ашу, түршігу, ұю, құмырсқа жүргендей жыбырлау сияқты кенеттен пайда болатын әртүрлі сезім). Қан тамырларын нервтер арқылы реттеуі бұзылғанда болады.
Қабылдаудың бұзылуы Қабылдаудың патологиясы, яғни бұзылу қабылдаудың субъективті бейнесі мен қабылданған образдың теңесуінің белгілі бір себептермен бұзылуынан бастау алады және әртүрлі психикалық процестердің бұзылуы барысында өтіп жатады. Қабылдаудың бұзылуы әртүрлі оны психологтар ғана емес, психиатрлар да зерттейді. Л.Р.Лурия негізін салған нейропсихологияның орыс мектебіндеми қабығының әртүрлі кабынуы кезіндегі кабылдаудың бұзылуы зерттелген. Бұл агнозия тудырады.