§3.2 Сананың түрлері мен қызметтері, жеке және қоғамдық сана
Сана- адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.
Сананың құрылысы: Сананың өзі.
Обьект пен субьектініажырату. Жеке адам өзінің санасына сүйене отырып, өзін және өзінің әрекеттерін басқа адамдардан ажырата алады. Яғни адамдардың «мен және мен емес» деген ұғымды ажыратуы.
Адамның өзі іс- әрекетіне мақсат қоюы.
Керекті қатынастарды орнату.
Сана жеке адамға тән дара қасиет. Жеке санамен қатар өмір сүрген ортаға байланысты қалыптасатын қоғамдык сана да болады, адам санасының мазмұнына оның өскен ортасы, қоғамдық болмысы ықпал жасап отырады. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Адам санасының осы екі түрін де қоғамдық болмыс белгілейді. Экономикалық қатынастардың өзгеруімен бірге адамның санасы да өзгереді. Сананың дамуы сыртқы ортаға тәуелді болып отырады дейтін түсінікті ғылымда детерминистік принцип деп атайды. Детерминизм тек сана құбылыстарының пайда болуы мен даму жолдарын ғана түсіндірмейді, сонымен қатар табиғаттағы заттардың барлығының шығу тегі объективті себептіліктің заңдылықтарына бағынады деп үйрегеді. Сана арқылы адамның коршаған орта, әлеммен қарым қатынасы мақсатты түрде реттеледі. Ол адамның сезу, түйсік, елестету, ойлау сияқты психикалық іс-әрекеттер жиынтығынан тұрады. Сана адамның ми қозғалысының жемісі. Адамда, жануарларда болмысты сезімдік процестер, қабылдау арқылы танып, бағалайды, бірақ адам объективті дүниені ақыл-оймен бейнелеп ойлауымен және оны тіл арқылы жеткізе білуімен ерекшеленеді.
Сананың көмегімен адам қоршаған ортадан бөлініп, жеке тұлға екендігін сезініп ұғынады, бұл өзіндік сана деп айтылады. Адамның сана сезімі барлық уақытта топтық, қоғамдық сана сезіммен тығыз байланысты болады. Сондықтан адам тек өзін-озі түсініп қана қоймай болмысты сезінуге талаптанады, сөйтіп әрбір сана қоршаған әлемнің заттары мен құбылыстарын сезінумен қатар адамның өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін сезінуден түрады. Сана сезімі бір жағынан танымдық, екінші жағынан әрекеттік құбылыс.
Сана - психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекет формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келуі қоғамдық тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі. Сана бұл қоғамдық болмыс. Сана құрылымында төрт негізгі сипат (А.В.Петровский) байқалады:
1.Сана қоршаған дүние туралы білімдердің жиынтық бірлігі,
Оның құрылымына барша танымдық процестер енеді: түйсік,
кабылдау, ес, ойлау, қиял.
2.Санада субъект пен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында адам тек өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам ғана тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әрекетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.
3. Мақсатты болжау әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын-ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады.
4. Сана құрылымында әрекетке орай. қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объективті, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды. Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық- еңбек әрекетіне көшуі болып табылады. Осы өмірдің нәтижесіне психиканың жаңа түрі - адамның санасы пайда болады.
Сана - психика дамуының ерекше сапалы түрі. Жануарлар дүниесінің эволюциясында сананың өзіндік ұзақ тарихы бар, сол алғаш рет адамда еңбек және қоғамдық қатынастарды қалыптасу үрдісінде пайда болды. Адамның саналы іс-әрекетінің айырмашылығы негізгі үш белгіден тұрады: осы белгілерді ішінде біріншісі - адамның саналы қызметінің биологиялық мотивтерге байланысы міндетті емес. Кей жағдайда саналы қызметі биологиялық ықпалдарға және қажеттіліктерг бағынбайды, олармен қарама-қарсылықта болады немесе олардыбасып тастайды. Адамдардың саналы қызметінің екіншіерекшелігі жануарлармен салыстырғанда орта жағдайы бейнелей алатындығы.
Үшінші ерекшелігі - жануарлардың мінез-құлқынан адамның саналы іс-әрекетінің айырмашылығы білім мен ептілігі, бұл қоғамдық тарихи жинақталған және оқуда берілген жалпы қоғамдық адамзаттық тәжірибені меңгеру аркылы қалыптасады. Демек, адамдардың меңгерген білімдері, ептіліктері, мінез-құлық тәсілдері оның өз тәжірибесінің нәтижесі емес, ұрпақтардыңқоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеру арқылы қалыптасады, адамның саналы қызметі жануарлардың мінез-құлқынан түбірінен ерекшелейді.