Медицина қызметкерінің кәсіби «жанып кету» синдромы
«Эмоцияның сөнуі» деген терминді американ психиатры Х.Дж.Фрейденберг 1974 жылы эмоционалдық қанық ауа-жайда (атмосферада) науқастармен (пациенттермен) белсенді кәсіби қарым-қатынаста болатын адамдардың психологиялық жағдайларын сипаттау үшін енгізді. Оған «үлкен шығармашылык мүмкіндікке (потенциалға) ие, ...өз ісіне құлай берілген, кәсіби адамдар тап болады». В.Мосс кәсіби болдыруға «Күшейе түсетін қуатын, идеалын, мақсатын жоғалтатын ақыл-ойлық, денелік және жандық таусылу» деген анықтама береді.
Медицина қызметкерінің кәсіби жанып кету синдромы депфизикалық, эмоциялық, ойлау қабілеттерінің таусылуын айтады.Бүл жағдай жұмыста таусылмайтын, атқарылмайтын күйзелістен кейін дамиды. «Жанып кету» немесе «Сөну» синдромының негізіне қызметкерге кәсіби әрекет кезінде күйзелістің әсер етуіұзақ уақыт жатады. «Жанып кету» немесе «Сөну» синдромының пайда болуына адам мен адамның, бастық пен бағыныштының арасындағы ауыр қарым-қатынаста болу негізгі рөл атқарады. Бұл процесс біртіндеп дамиды. Алдымен эмоциялар оңай білінбейді, артынан адамдар ашулана бастайды. Кейінірек ашулануды тоқтату қиындайды. Бұл ызалану мен ашық қайшылық тудырады. Ақырғы кезеңде өзін-өзі бағалау мен кәсіби мотивация төмендейді. Кейбір адамдар бұл кезеңде психикалық белсенді заттарды пайдалануды (ішімдік ішу, темекі тарту, есірткіні пайдалану) күшейтуі мүмкін.
«Кәсіби жанып кету» кенеттен, тұтқиылдан пайда болмайды. Бұл процесті жабық кастрөлдегі сұйықтың, кейін қайнап сыртқа тасып төгілетін жәй қайнауымен немесе көңіл аудармаса соңы өртке айналатын жалынның ұшқындауымен теңестіруге болады.
«Жанып кету» синдромы болғанда адамның жұмысқа деген ықыласы жойылып, оның өмір сапасы темендейді.
А.Гюллен мейірбикелік қызметкердегі «Кәсіби жанып кетудің» 3 сатысын былайша сипаттайды:
1-ші саты - мазасыздану; адам қалайтын деңгейде қызмет атқаруға бейім емес, ол өз беделін демеу үшін, қорғаныс механизмін қолданады. Мысалы: «Үйде қызығарлық не бар?», «Маған жұмыс көбірек ұнайды». Бұл механизмдерді қолдану кейде көмектеседі, алайда оны күнделікті пайдалану- адамның бірдеңені дұрыс істемегенінің белгісі;
Достарыңызбен бөлісу: |